Тарбағатай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19-10 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 мамырда № 3292 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 8/10-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 11.12.2023 № 8/10-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 каулысына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тарбағатай ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағиадалары бекітілсін және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны айқындалсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Бейбіт
      Тарбағатай аудандық
мәслихат хатшысы
М.Мағжаев

  Тарбағатай аудандық мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы № 19-10
шешімімен бекітілген

Тарбағатай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу Қағидасы және жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары
өкілдерінің санын айқындау
1. Жалпы Ереже

      1. Осы Тарбағатай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 каулысына сәйкес жасалды және Тарбағатай ауданының аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Ауыл, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиыны (әрі қарай – бөлек жиын) ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағында жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындар өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Бөлек жиындарды жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын өткізуге аудан әкімінің оңды шешімі болған жағдайда ғана өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды кенттің, ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Осы қағиданың қосымшасына сәйкес санына байланысты жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және тиісті кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

  Тарбағатай ауданының аумағында бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу
Қағидасына және жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі
тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын
айқындауға қосымша

Тарбағатай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиынына
қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының
өкілдері кандидатураларының саны

Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының саны (адам)

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдерінің саны (адам)

800 дейін

8 дейін

800 -ден 1500 дейін

8-15

1500 -ден 3000 дейін

15-20

3000 - нан 6000 дейін

20-25

6000 -нан 10000 дейін

25-30

15000 -нан 25000 дейін

30-40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады