Орал қаласы бойынша ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 2794 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қарашада № 3686 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 23.01.2015 № 247 қаулысымен.
      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынастағы ішкі су көлігімен тасымалдаулар айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Орал қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі басшысының міндетін атқарушы (Е. Каримов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ. Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
      Қала әкімі А. Көлгінов

  Орал қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 24 қазандағы
№ 2794 қаулысына қосымша

Орал қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар
халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын,
жолаушыларды тұрақты қатынастағы ішкі су көлігімен
тасымалдаулар


Тасымалдаулардың атауы

1

Орал қаласы - "Учужный затон" бау - бақша
серіктестігі

2

Орал қаласы – "Барбастау" бау - бақша серіктестігі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады