Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 сәуірде № 3463 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылым шекараларының сақталуы ескеріле отырып Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Р. Иманғалиев

      КЕЛІСІЛДІ:
Қаратөбе аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
_____________Х. Есжан
22.02.2014 ж.

  Аудан әкiмiнiң
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 4 шешiмiне қосымша

Қаратөбе ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 25.06.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 23.09.2022 № 19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 27 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.07.2023 № 16 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Сайлау учаскелерiнiң нөмiрлерi

Сайлау учаскелерiнiң шекаралары

Орналасқан жері

1

№ 267

Қоржын ауылы, Қосбаз ауылы, Битшағыл, Жеті-қыз, Көлқамыс, Қожанияз, Жұмағали, Сарықұмақ қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Қоржын ауылы, Құрманғазы көшесі, құрылыс 1, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

№ 270

Аққозы ауылы, Бесоба ауылы, Баекес, Нұржаубаз, Хасан ағашы, Батпаншар қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Бесоба ауылы, Бесоба көшесі, 38 үй, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "А.Әділов атындағы Жалғызағаш бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

3

№ 271

Егіндікөл ауылы, Жігерлен, Калинин, Тұрғанбай, Жамансай, Бұлақсай қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округі, Егіндікөл ауылы, Алтынсарин көшесі, 11 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

4

№ 272

Жусандой ауылы, Абуталы, Қоңыркөл, Жабу, Қарасу қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылдық округі, Жусандой ауылы, Абай көшесі, 1 үй, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Жамбыл орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5

№ 273

Ханкөл ауылы, Ұмтыл, Тұрым қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жусаныдой ауылдық округі, Ханкөл ауылы, Бейбітшілік көшесі, 1 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

6

№ 274

Ақтай ауылы, Жақсыбай қыстағы

Батыс Қазақстан облысы , Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округі, Ақтай ауылы, Қазақстан көшесі, 26 үй, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7

№ 275

Алакөл ауылы, Қоскөл ауылы, Сәрсенғали, Мүсірәлі қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округі, Алакөл ауылы, Алакөл көшесі 63 үй, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Алакөл негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

8

№ 277

Қаратөбе ауылы, Тоқсейт қыстағы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, С.Датова көшесі, 18 а үй, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қаратөбе мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

9

№ 278

Қаратөбе ауылы, Үркіш қыстағы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Мұхит көшесі, 6 үй, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10

№ 279

Қоскөл ауылы, Құрылыс, Боранбай, Қамыстыкөл, Арпаш қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі, Қоскөл ауылы, Абай көшесі, 28 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

11

№ 280

Шалғын ауылы, Шұғыла, Үшаудан, Қален, Шәмші, Ақбаз қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі, Шалғын ауылы, Шалғын көшесі, № 72 үй, "Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының жанындағы Шалғын ауылдық клубының ғимараты.

12

№ 281

Қарақамыс ауылы, Ақбақай, Ағалық, Түркебай, Қарақұдық, Тұрмағанбет, Нияз, Бернияз, Жолқұдық, Үшкемпір, Мәші, Таласқұдық, Толғанбай қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі, Қарақамыс ауылы, Мұхит көшесі, 26 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

13

№ 282

Сәуле ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі, Сәуле ауылы, Т.Иманғазиев көшесі, 14 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Жақсыбай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

14

№ 283

Сулыкөл ауылы, Темірбек ауылы, Дәуеш, Сахып қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Сулыкөл ауылы, Ж.Жабаев көшесі, 41 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

15

№ 284

Үшана ауылы, Шала, Құрылыс, Қарасай, Көкөгіз, Жанбақ, Жаңабағыт, Шошқалыой қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Үшана ауылы, Үшана көшесі, 1 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Б.Аманшин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

16

№ 285

Төлен ауылы, Рахпан, Еркебай қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Төлен ауылы, Төлен көшесі, 25 үй, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Төлен негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

17

№ 287

Шөптікөл ауылы, Айтқали, Бесоба, Алтыбаз, Ескі Шөптікөл, Ақкөл қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Шөптікөл ауылы, Қаратөбе көшесі, 2 ғимарат, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

18

№ 288

Үшағаш ауылы, Ашыкөл, Ортатөбе қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Үшағаш ауылы, Үшағаш көшесі, № 106 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Үшағаш негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

19

№ 289

Соналы ауылы, Ақайдар, Қолқұдық, қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Соналы ауылы, Соналы көшесі 1 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының білім бөлімінің "Соналы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады