Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 3435 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 33 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 30.11.2018 № 33 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылым шекараларының сақталуы ескеріле отырып Тасқала ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсiн.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Әлиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Тасқала аудандық

      сайлау комиссиясының

      төрағасы

      _____________Б. Имашев

      19.02.2014 ж.

  2014 жылғы 19 ақпандағы № 4
аудан әкiмiнiң шешіміне
қосымша

Тасқала ауданының аумағындағы
сайлау учаскелері

Сайлау учаске-

лерінің нөмірлері

Сайлау учаскелерінің шекаралары

Орналасқан жері

1

324

Ақтау ауылы, Қызылбас, Кулаков, Ақкүшік қыстақтары

Ақтау ауылы, Мұқанов көшесі, 17 ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

2

325

Беленький ауылы, Жигули қыстағы

Беленький ауылы, фельдшерлік пункт ғимараты

3

326

Черная Падина ауылы

Черная Падина ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты

4

327

Амангелді ауылы, Жармалай, Жигули қыстақтары

Амангелді ауылы, Ленин көшесі, 7, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

5

328

1-Шежін ауылы, Көлік қыстағы

1-Шежін ауылы, "Жалпы білім беретін Бірінші Шежін бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

6

329

Тасқала ауылы: Сәтбаев, Павлов, Карбышев, Сейфуллин, Момышұлы, Горький, Маяковский, Құрманғазы, Железнодорожная, Пушкин көшелері, Самал, Көктем, Жақсығұлов шағын аудандары

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 34, "Қ. И. Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

7

330

Тасқала ауылы: Жуков, Молодежная, Абай, Толстой, Сабиров, Жақсығұлов, Комаров, Лермонтов көшелері

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 20, "Тасқала аудандық мәдениет-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

8

331

Тасқала ауылы: Деркөл өзенінің оң жағалауы теміржол линиясына дейін, Колхозная, Садовая, Чапаев, Первомайская (2-20 тұрғын үйлер) көшелері, Ветеринарлық станция

Тасқала ауылы, Мәметова көшесі, 2, "Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

9

332

Тасқала ауылы: Деркөл өзенінің сол жағалауы, Заречная, Чурилин, Жамбыл, Масин, Төлегенова, Кутяков, Жеңіс, Жасыбаев, Первомайская (7-45, 22-54 тұрғын үйлер) Стадионная, Амангелді, Шевченко, Ахметкалиев, МТФ көшелері, Сәулет шағын ауданы, Жігер ауылы

Тасқала ауылы, Жеңіс көшесі, 30, "Бөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

10

333

Тасқала ауылы: Шамов, Скоробогатов, Сапаров, Жәңгіров, Құрманғалиев, Мир, Хұсайынов, Шежін, Гоголь көшелері, № 276 теміржол разъезі, Зимовка, Подстанция қыстағы

Тасқала ауылы, Абай көшесі, 14, "Садық Жақсығұлов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты

11

334

Бірлік ауылы

Бірлік ауылы, "Жалпы білім беретін Кузнецов негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

12

335

Мереке ауылы, Қалмақ, Карташов, Жайықбай, Есенсай, Бубенцы, Талдықұдық, Аққұс, Дөңбек қыстақтары

Мереке ауылы, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

13

336

Достық ауылы

Достық ауылы, Бейбітшілік көшесі, 2, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

14

337

Бастау ауылы

Бастау ауылы, "Жалпы білім беретін Вавилин бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

15

338

Ынтымақ ауылы

Ынтымақ ауылы, "Жалпы білім беретін Крутой негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

16

339

Атамекен ауылы, Алмалы, Митрофан, Молочная, Өтеш қыстақтары

Атамекен ауылы, Иманов көшесі,4 ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

17

340

Қалмақшабын ауылы, Аяқ, Калке, Үштілек, Көлік, Тазгүл, Егізқопа, Новостройка, Жетіқұдық, Волжанка, Қамыстыкөл, 1-Қисықсай, 2-Қисықсай, 3-Қисықсай қыстақтары

Қалмақшабын ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты

18

341

Оян ауылы, Комсомольск, Қойшығұл, Машдвор, Ақүй, Жаңа ауыл, Айкүміс, Баянас, Көкапан, Қызылағаш қыстақтары

Оян ауылы, Маметова көшесі, 9, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

19

342

Кеңжайлау ауылы, Аппаз, Қараой, Жетіқұдық, Ащы, Орысқопа қыстақтары

Кеңжайлау ауылы, "Жалпы білім беретін Ленинжол бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

20

343

Мерей ауылы, Аққайнар ауылы, Птичник, Свинарник, МТМ қыстақтары

Мерей ауылы, Тайманов көшесі, 26, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

21

344

Айнабұлақ ауылы

Айнабұлақ ауылы, Бұлақты көшесі, 15, "Жалпы білім беретін Родник негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

22

345

Өркен ауылы

Өркен ауылы, Ақбидай көшесі, 14, "Жалпы білім беретін Белугин бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

23

346

Тоғайлы ауылы, Широкий, Шорман, Даяр қыстақтары

Тоғайлы ауылы, Диқаншылар көшесі, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

24

347

2-Шежін ауылы, Бірлік, Ащы, Жармалай, Көсем, Алмалы сай қыстақтары

2-Шежін ауылы, Карменов көшесі, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты

25

348

Талды-Бұлақ ауылы, Центральная, Майрамкөл, Сад, Жаңаауыл, Тапқан қыстақтары

Талды-Бұлақ ауылы, "Жалпы білім беретін Талдыбұлақ бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

26

349

Ермольчево ауылы

Ермольчево ауылы, ауылдық кітапхана ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады