Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 304 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 сәуірде № 10632 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік ок күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 304 бұйрығымен
бекітілген

Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) бекіту қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.08.2019 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Бюджеттік қаражаттың және мемлекеттік инвестициялардың өзге нысандары есебінен объектілердің құрылысына арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды) бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар жаңа ғимараттар мен құрылыстар, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау және күрделі жөндеу) жобаларын (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды) бекіту кезінде міндетті болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және оның нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

      2) бюджеттік инвестициялар - бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;

      3) бюджеттік инвестициялық жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын қайта жаңартуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;

      4) еншілес ұйым - жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған заңды тұлға;

      5) концедент - тиісті уәкілеттік берген мемлекеттік орган арқылы әрекет ететін Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган;

      6) концессионер - концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқығы бар заңды тұлға (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда);

      7) концессия объектісі - концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

      8) құрылыстағы мемлекеттік инвестициялар - жаңа ғимараттар мен құрылыстардың, олардың кешендерінің, инженерлік және көлік коммуникацияларының құрылысына, сондай-ақ қолданыстағы объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникамен қайта жарақтандыруға) инвестициялар, мыналар:

      республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты, оның ішінде бюджеттік инвестицияларға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджеттік кредит беруге бөлінген нысаналы қаражат;

      мемлекет кепілдігімен не мемлекет кепілгерлігімен мемлекеттік емес қарыздардың нысаналы қаражаты;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты;

      концессиялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражат олардың көздері болып табалады;

      9) құрылыстың есеп айырысу құны - техникалық-экономикалық негіздеме сатысында құрылыстың есеп айырысу құнын айқындау тәртібіне сәйкес құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеген кезде айқындалатын құрылыс объектісінің құны;

      10) құрылыстың сметалық құны - құрылысқа арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген кезде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын құрылыс объектісінің құны;

      11) құрылыстың бекітілген сметалық құны - тапсырыс берушінің сметалық құжаттаманы бекіту кезіндегі құрылыс объектісінің құны;

      12) тапсырыс беруші - мемлекеттік инвестициялар есебінен және оның қатысуымен құрылысты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке және онымен аффилиирленген заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар мен онымен аффилиирленген заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, оларға қатысты бойынша құрылтайшысы (уәкілетті орган) немесе акционері болып табылатын заңды тұлғалар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей бекітуге ұсынылуға тиіс.

      Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама бекітуге ұсынылғаннан кейін жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей бекітіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік инвестицялар есебінен салынатын объектілер техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама бекітілгеннен кейін іске асырылуға тиіс.

2-тарау. Құрылыс объектілеріне арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды бекіту тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.08.2019 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін нысаналы бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын объектілерді (ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын) салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттамаларды бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бірінші басшы не бірінші басшы өкілеттік берген тұлға) бекітуге тиіс.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-1. Объектілер мен кешендер жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған кезде техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманы жергілікті атқарушы орган (бірінші басшы не бірінші басшы өкілеттік берген тұлға) бекітуге тиіс.

      Ескерту. Қағида 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6-2. Республикалық бюджет есебінен нысаналы трансферт арқылы жергілікті бюджет инвестициясын дамыту үшін қаржыландырған кезде, техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі (бірінші басшы не бірінші басшы өкілеттік берген тұлға) бекітуге тиіс.

      Ескерту. Қағида 6-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Егер құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісінің құзыретіне жатқызуға болмайтын, экономиканың әртүрлі салаларындағы жобаларды іске асыруды көздейтін ұлттық холдингтер мен ұлттық басқарушы холдингтің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру шеңберінде әзірленсе, онда осы құжаттаманы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қор) қоспағанда, осы ұлттық холдингтер және ұлттық басқарушы холдинг (бірінші басшы не бірінші басшы өкілеттік берген тұлға) бекітеді.

      Егер құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама Қордың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру шеңберінде әзірленсе, онда осы құжаттаманы тапсырыс беруші не тапсырыс берушінің акцияларын (қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама түрде, меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында иеленуші болып табылатын Қордың еншілес ұйымы (бірінші басшы не бірінші басшы өкілеттік берген тұлға) бекітуге тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Мемлекеттік инвестициялар есебінен әзірленген, жеңілрельстік көлікке және оларға жататын көлік инфрақұрылымы объектілеріне арналған, астана аумағында орналасқан жеке бөлінген жолдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілері бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекітеді.

      Ескерту. Қағида 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-2. Қызметі бюджеттен нысаналы салымдар салуды қаржыландыру есебінен жүзеге асырылатын дербес білім беру ұйымдарының объектілердің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау-сметалық құжаттаманы дербес білім беру ұйымдарының басшысы не басшы өкілдік берген тұлға бекітеді.

      Ескерту. Қағида 7-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      8. Құрылысын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын объектілердің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырыс беруші бекітуге және қайта бекітуге тиіс.

      Бір кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрылысын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен жоспарланған (жүзеге асырылатын) объектілердің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы концедент бекітеді және қайта бекітеді.

      Екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, концессионердің таңдауы бойынша конкурс өткізу туралы шешім қабылданған жағдайда, құрылысын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен жоспарланған (жүзеге асырылатын) объектілердің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әлеуетті концессионер (қарыз алушы) бекітеді және қайта бекітеді.

      9. Бекіту үшін техникалық-экономикалық негіздемелердің және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамалардың материалдары, сондай-ақ оларға қоса берілген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындылары ұсынылады.

      Техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе (немесе) жобалау-сметалық құжаттамаларды бекіту бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде құрылыстың есеп айырысу (техникалық-экономикалық негіздемелер үшін) немесе сметалық (жобалау-сметалық құжаттамасы үшін) құнын көрсете отырып, жүзеге асырылады.

      10. Алып тасталды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.08.2019 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Техникалық-экономикалық негіздемелер немесе (немесе) жобалау-сметалық құжаттамалар бекітілген сәттен бастап оларды әзірлеу аяқталды деп саналады.

      12. Бекітілгеннен кейін ол бойынша үш жыл ішінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленбеген және бекітілмеген техникалық-экономикалық негіздеме ескірген болып есептеледі және бастапқы материалдар жаңартылғаннан, жобалық материалдар өзектендірілгеннен, осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.

      13. Заңнамада белгіленген тәртіппен бекіткеннен кейін үш жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау-сметалық құжаттама ескірген болып есептеледі және бастапқы материалдар жаңартылғаннан, жобалық материалдар өзектендірілгеннен, осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылады.

3-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды түзету, қайтадан бекітуді (қайта бекіту) жүргізу ерекшеліктері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.08.2019 № 648 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Бұрын бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көзделген жағдайларда бастапқы құжаттарын жаңартуға, жобалық материалдарын өзектілендіруге және қайтадан бекітуге (қайта бекітуге) жатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Бұрын бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын, белгіленген техникалық-экономикалық параметрді өзгертудің негізделген қажеттілігі туындаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес түзетілуге жатады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Егер белгіленген объектінің құрылысы басталғанға дейін немесе оның барысында оған техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін, инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықтарды, негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, объектінің конструктивті схемасына, оның көлем-жоспарлық, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалық шешімдеріне едәуір өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізделген қажеттілігі туындаса, бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен түзетілуге жатады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде немесе бюджеттік инвестициялық жобаның үлгілік жобасында көзделмеген, қосымша бюджет шығыстарына әкеп соғатын қосымша құрамдауыштарды енгізуге байланысты бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 06.01.2016 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзету және қайта бекіту қажеттілігі құрылыс үдерісінде туындаған жағдайда, онда құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер мен орындалған жұмыстар актілерінің көшірмелері осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес қайтадан мемлекеттік сараптама жүргізу және қайта бекіту үшін ұсынылатын құжаттаманың құрамына енгізіледі, бұл ретте жобалау-сметалық құжаттаманың атқарылған жұмыстар көлемі бар бөлігі түзетуге жатпайды.

      Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының шешімі қосымша ұсынылады.

      20. алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.06.2017 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      21. Егер бұрын бекітілген жоба бойынша құрылыс толық көлемде орындалса, онда жобалау-сметалық құжаттама түзетуге және қайта бекітілуге жатпайды.

      22. Құрылыстың бекітілген сметалық құны шегінде түзетуді жүзеге асыру кезінде ведомстводан тыс кешенді сараптама құндық көрсеткіштерді қайта қараусыз жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-тармақпен толықтырылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.12.2019 № 918 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады