Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 мамырда № 11047 тіркелді

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                         А.Сәрінжіпов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е.Досаев
      2015 жылғы «__» _________

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі   
№ 174 бұйрығына     
1-қосымша          

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеру және оларға консультация беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) алдын ала жазылу журналына тіркелу - 15 минуттан аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған  және алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәттен бастап, психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеруді күту - күнтізбелік 30 күн;
      3) алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді өткізу - 1 (бір) сағат;
      4) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Көрсетілетін қызметтің нәтижесі ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген мемлекеттік жазбаша қорытынды болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан  Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында және Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген белгіленген жұмыс кестесі бойынша. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.
      Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы);
      2) бар болса - мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі;
      3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін).
      Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
      1) денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны;
      2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
      3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері  және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін республикалық бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары басшыларының атына жазбаша түрде беріледі;
      шағымда көрсетілетін қызметті алушының және шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
      Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі   
№ 174 бұйрығына     
2-қосымша         

«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту
және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі — мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтін нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық түзетуге және әлеуметтік оңалтуға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап 60 минут;
      мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-медициналық- педагогикалық түзету және әлеуметтік оңалту курстарынан өту үшін күнтізбелік 90 күннен бастап күнтізбелік 365 күнге дейін;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: жеке, топтамалардағы  және топтағы сабақтар және кеңестер.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы стандартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша анықтама болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.
      Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік  қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) еркін нысандағы өтініші;
      2) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) баланың туу туралы куәлігі (тексеру үшін түпнұсқа);
      4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары басшыларының атына жазбаша түрде беріледі;
      шағымда көрсетілетін қызметті алушының және шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
      Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды   
психологиялық-медициналық-педагогикалық
түзеу және әлеуметтік оңалту» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына қосымша

АНЫҚТАМА

      20 __ ж. «__» _____ туылған
      _________________________________________________ беріледі,
            (баланың Т.А.Ә.(болған жағдайда)
____________________________________________________________________
                             (ОО, ППТК атауы)
ол шын мәнінде қатысқаны туралы
«__» ____ 20 __ жылдан бастап «__» ______ 20 __ жылға дейін «__»
__________________________
(қызметті көрсету күні)

      Білім беру ұйымы басшысының Т.А.Ә. (болған жағдайда)
                   М.О.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі   
№ 174 бұйрығына     
3-қосымша        

«Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі әзірлеген.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырылған сәттен бастап 60 минуттан аспайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының құжаттар пакетін тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету жөніндегі қорытынды болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан  әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
      2) психофизикалық ауытқулардың бар екенін растайтын психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары басшыларының атына жазбаша түрде беріледі;
      шағымда көрсетілетін қызметті алушының және шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
      Республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының атына келіп түскен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі   
№ 174 бұйрығына      
4-қосымша         

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 3 жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттарды қабылдау туралы қолхат (еркін нысанда).
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш (еркін нысанда);
      2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;
      3) мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) Министрліктің  www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына;
      2) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының және шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), жергілікті атқарушы органының атына шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі  
№ 174 бұйрығына    
5-қосымша       

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік)  әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті арнайы білім беру ұйымдары, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініш қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
      арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін — 30 тамыздан кешіктірмей, бірінші сыныпқа — 1 шілдеден бастап 30 тамыз аралығында.
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минуттан аспайды.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: арнайы білім беру ұйымына немесе бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылданғаны туралы бұйрық.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
      Өтініш қабылдау және нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.
      Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.
      9. Көрсетілетін қызметті алушының ата-аналары (заңды өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) арнайы білім беру ұйымына, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы (еркін нысанда) өтініші;
      2) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (заңды өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаты;
      3) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы);
      4) көрсетілетін қызметті алушының дамуындағы психофизикалық бұзылысының бар екендігін дәлелдейтін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының, және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым жазбаша түрде:
      1) Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы басшысының атына;
      2) республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазылады. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының және шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы және байланыс телефоны көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), жергілікті атқарушы органының атына шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті қарауға жатады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген  жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және жағдайы туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.
      13. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетудің мәселелері бойынша ақпараттық қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады