Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 17.08.2020 № 351 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі |
А. Сәрінжіпов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________Ә.Ө. Исекешев
2015 жылғы "___"________________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Е.А. Досаев
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 204 бұйрығымен бекітілген |
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті және Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) порталда өтініш тіркелген сәттен бастап:
лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша берілген лицензия және/немесе оған қосымша, қайта ресімделген лицензия және/немесе оған қосымша, лицензияның және/немесе оған қосымшаның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес бюджетке жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленеді:
1) лицензияны беру кезінде төленетін лицензиялық алым 10 (он) айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 1 (бір) АЕК;
3) лицензияның телнұсқаларын беру үшін лицензиялық алым – төлеу күніне белгіленген 10 (он) АЕК.
Лицензиялық алым төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Лицензияға қосымшаны, лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын берген кезде, берілген лицензияда және/немесе лицензияға қосымшада қателер табылған және тиісті түзетулер енгізілген жағдайларда лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны берген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін ақы алынбайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтінген жағдайда Қазахстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).
9. Порталға көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
2) іске асырылатын білім беру оқу бағдарламаларына байланысты қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарларының электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген, сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;
сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқытудың толық кезеңін қамтитын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген сұратылып отырған мамандықтың оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;
сұратылып отырған мамандыққа немесе біліктілікке сәйкес оқытудың толық оқу кезеңін қамтитын практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
әзірленген және білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының және оқу жоспарларының электрондық көшірмелері;
діни қызметі саласындағы уәкілетті органдарының оқу әдебиеті қорына берілген дінтану сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
діни қызметі саласындағы уәкілетті органдарының қорытынды хатының электрондық көшірмесі;
жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 10, 13-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаға сәйкес практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға (оқу корпусына) және клиникаға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
"магистр" дәрежесін бере отырып жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 9, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
білім беру немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен оқытудың толық кезеңін қамтитын ынтымақтастық туралы келісімдердің электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын Техникалық ерекшеліктер мен Жұмыстардың күнтізбелік жоспарымен қоса ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
практикадан өткізу базалары ретінде айқындалған, оқытудың толық кезеңін қамтитын оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен шарттардың электрондық көшірмелері;
жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын (резидентура) іске асыратын білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4, 5, 6, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының клиникалық мамандықтар бойынша оқу жұмыс жоспарының электрондық көшірмелері;
практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған оқытудың кезеңін қамтитын шарттардың электрондық көшірмелері;
ғимараттарға және клиникаға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін келісімдердің электрондық көшірмелері;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 3, 4, 5, 6, 9, 13, 14-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысандары;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын Техникалық ерекшеліктер мен Жұмыстардың күнтізбелік жоспарымен қоса ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуге арналған ұйымдармен және кәсіпорындармен шарттардың электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың электрондық көшірмелері;
сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің электрондық көшірмелері;
оқытудың толық кезеңін қамтитын сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың және шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған шарттардың электрондық көшірмелері;
зертханалардың аккредиттеу туралы куәліктерінің электрондық көшірмелері немесе осы зертханалармен жасалған шарттардың электрондық көшірмелері;
плагиатқа тексерудің компьютерлік бағдарламасының бар екенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) лицензияға қосымшаларды алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен электрондық құжаттар.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа біліктіліктер бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық білім саласындағы бақылау департаменттерін көрсете отырып, сұратылатын әр біліктілік бойынша жеке жүргізіледі.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын көрсетілетін қызметті алушылар өздері үшін жаңа кадрларды даярлау бағыты бойынша лицензияға қосымшаны алған кезде порталда құжаттарды беру Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетін көрсете отырып, сұратылатын әр мамандық бойынша жеке жүргізіледі.
4) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) заңды тұлға-лицензиатты бөлу немесе шығару нысанында қайта ұйымдастыру кезінде онда бар лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер нысаны мен электрондық құжаттар қосымша ұсынылады;
6) лицензияның және/немесе лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
Лицензия жоғалған және (немесе) бүлінген кезде порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден ол туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті алушы лицензия телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы, медициналық қызметпен айналысуға лицензия туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі құжаттардың мәліметтерін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарына өзгеше көзделмесе ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қолдану үшін көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) лицензиялық алым енгізілмеуі;
3) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) лицензиардың тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алуы;
5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде беріледі.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, уақыты көрсетіледі. Шағымда көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде (мөртаңба, кіріс нөмері мен күні) тіркелуі оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Портал арқылы шағымды қарау тәртібі туралы ақпаратты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтінішпен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде қарауға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Мемлекеттің қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің: www.edu.gov.kz, control.edu.gov.kz;
порталдың: www.egov.kz, www.elicense.kz интернет-ресурстарында орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.edu.gov.kz, control.edu.gov.kz интернет-ресурстарында орналыстырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер _______________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы мәлімет, маман дығы, диплом бойынша біліктілігі, бітірген жылы | Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы) | Қосымша жұмыс орны (қоса атқару) | Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет* | Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі* | Дәрігерлік бақылаудан өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)* | Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы | Тану/ нострификациялау туралы куәліктің болуы туралы мәлімет (бар болған жағдайда) | Оқытатын пәні |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер _______________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с № | Кәсіп, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, оқыту және тәрбиелеу бағдарламасының бөлімі | Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы) | Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары) | Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)* | Саны кемінде 1 дана |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін толтырылады
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша |
|
Нысан |
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, соның ішінде медициналық пункттің болуы
және медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтер
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
______________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
(______________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Медициналық пункттің алаңы (м2) | Медициналық қызметке лицензия туралы мәлімет (нөмірі) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы ___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша |
|
Нысан |
Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру
объектісінің болуы туралы мәліметтер
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
(_____________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Тамақтану объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана) | Өткізу қабілеті (отыратын орындар саны) | Тамақтану объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі) | Ескертпе (тамақтану объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша |
|
Нысан |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы мен техникалық
оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
_________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
(______________ жағдай бойынша)
Құрылыстың үлгісі (үлгі жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Материалдық қаржы активтерінің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі) | Жалпы алаңы барлығы (м2), пайдалы алаңы (м2), оқу алаңы (м2) | Үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған кабинеттер, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және дене шынықтыру залдары), әлеуметтік-тұрмыстық және өзге мақсаттағы, олардың саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы ___________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша |
|
Нысан |
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы | Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер | |||||||
Атауы мен ауданы көрсетілген аудиториялар, пән кабинеттері* | Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары* | Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2) | Түрі, саны, шығарылым күні көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі | Мәжіліс залы, спорт залы (м2) | Компьютерлердің жалпы саны көрсетілген компьютерлік сыныптар | Кітапхана | Кадрларды даярлаудың медициналық бағыты бойынша "Клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттер"* | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша немесе біліктілік бөлінісінде беріледі
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымша |
|
Нысан |
Ағымдағы оқу жылына сұратылып отырған мамандық немесе біліктілік бойынша бір
маманға кететін ең төменгі шығыс туралы мәліметтер *
Ескерту. 7-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 8-қосымша |
|
Нысан |
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер __________________________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Кәсіп, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні | Атауы, жасалған жылы | Авторлары |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 9-қосымша |
|
Нысан |
Лицензияланатын кадрларды даярлау бағытына сәйкес алдыңғы деңгей бойынша лицензияның болуы туралы мәліметтер
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/ с | Бакалавриат кадрларды даярлау бағытының атауы | Лицензияның нөмірі, берілген күні | Магистратура кадрларды даярлау бағытының атауы* | Лицензияның нөмірі, берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдай (қолы)
Ескертпе* "Философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 10-қосымша |
|
Нысан |
Жүргізетін пәннің бейініне сәйкес бес жылда бір рет кадрлардың біліктілігін арттыру
және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тақырыптың атауы | Оқыған орны мен кезеңі | Оқыған ұйымның атауы | Сағаттар саны | Аяқталу нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру ұйымының басшысы ___________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 11-қосымша |
|
Нысан |
Бір оқытушыға есептегенде студенттер контингентінің сәйкестігі туралы мәліметтер
Ескерту. 11-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 12-қосымша |
|
Нысан |
АҚ "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында" тіркелген, жоғары оқу
орнының іргелі және қолданбалы тақырыптары көрсетілген, білім беру ұйымының
ғылыми-зерттеу жұмысы туралы мәліметтер
Ескерту. 12-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 13-қосымша |
|
Нысан |
Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер
Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Білімі туралы ақпарат ("ғылым кандидаты" және/немесе "ғылым докторы" ғылыми дәрежесінің және/немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесінің болуы туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер) | Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық) | Жарияланымдар тізбесі | Оқулық немесе оқу құралының атауы | ||
отандық мерзімді басылымдарда | шетелдік мерзімді басылымдарда | халықаралық конференция еңбектерінде | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 14-қосымша |
|
Нысан |
Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер*
Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ғылыми-зерттеу институтының, клиникалық базасының, ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау) | Орналасқан мекенжайы | Меншік құқығында немесе шарт негізінде | Ескертпе (базаның қызметі туралы қысқаша ақпарат) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* ақпарат сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі
"Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 15-қосымша |
|
Нысан |
Шетелдік ғалымдар туралы туралы мәліметтер
Ескерту. 15-қосымша алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.01.2019 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім беру қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 16-қосымша |
|
Нысан |
Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық,
эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер*
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 25.03.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.