Байланыс формасы

Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11176 тіркелді.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің


міндетін атқарушы

С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 24 сәуір

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 23 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 4-1/167 бұйрығымен
бекітілген

Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына
жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетінде тиiстi қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялар) тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – балық шаруашылығын дамытуды қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      3) мақта иесi – меншiк құқығында шиттi мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;

      4) мақта талшығы сапасына сараптама жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындаған сараптамалық ұйым;

      5) мақта талшығының сапасына сараптама жасау – сынаманы iрiктеп алумен сынақтан өткiзудi, мақта талшығының сапасы туралы куәлiктi рәсiмдеудi қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;

      6) шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алушылар – шитті мақта мен мақта талшығының иелері;

      7) шитті мақта сапасына сараптама жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіппен шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру құқығына аккредиттелген шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша сынақ зертханасы (орталық);

      8) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау – сынаманы iрiктеп алу мен сынақтан өткiзудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлікті рәсiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.04.2017 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      3. Субсидиялар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мақта өңдейтін ұйымға қабылдау кезінде шитті мақта сапасының сараптамасы құнын толықтай өтеуге және мақта талшығы сараптамасы құнын толықтай өтеуге бөлінеді.

      4. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің (бұдан әрі – облыс әкімдігі) қаулысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүргізіледі.

      5. Шитті мақта сапасы сараптамасының құны өтелетін шитті мақта сапасына сараптама жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер бөлінісінде субсидия сомасын анықтау үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – аудан әкімдігі) шешімімен құрамына аудан әкімдігінің, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері, сол сияқты Өңірліқ кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін комиссия құрылады. Қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің саны Комиссияның жалпы құрамының жартысынан кем болмауы тиіс.

      Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      6. Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құны шығындар есептемелерін қоса бере отырып, екі данада облыс әкімінің, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қарауына ұсынылады.

      Министрліктің шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын қарау мерзімі хат түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

      Оң нәтиже болған жағдайда Министрлік шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнының бір данасын тиісті ілеспе хатпен қайтарады.

      Теріс нәтиже болған жағдайда Министрлік дәлелді негіздемесі бар хатпен шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнының екі данасын да пысықтауға жібереді.

      Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құны облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

      Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қаулы қабылданғаннан кейін облыс әкімдігі оны екі жұмыс күні ішінде өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.

      Қаулы ресми интернет-ресурста орналастырылғаннан кейін Министрлік екі жұмыс күні ішінде оны бұрын келісілген шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындар құнына сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексереді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.11.2016 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Өтінім берілген субсидия көлемі тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомадан асып кеткен кезде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу арқылы жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді.

2. Субсидияларды алушылар

      8. Субсидиялар:

      1) мақта өңдейтін ұйымдарға тапсырған кезде шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің;

      2) мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің шығындары құнын толықтай өтеуге арналады.

3. Субсидияларды алу шарттары

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

      1) "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) және 18)-тармақшаларына сәйкес бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті беру қағидалары;

      2) Шитті мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің және мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің Мемлекеттік корпорацияға:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның сапасы туралы берілген куәліктер немесе мақта талшығы сапасының паспорттары бойынша жиынтық актіні қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға өтінім беруі.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.04.2017 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

4. Субсидияларды есептеу тәртібі

      10. Шитті мақта мен мақта талшығының сапасы сараптамасының құнын толықтай өтеуге арналған субсидиялар шитті мақта сынамаларының (мақта талшығы бумасының) санын шитті мақта (мақта талшығы) сапасы сараптамасының бір сынамасы құнына көбейту жолымен есептеледі.

5. Субсидиялар төлеудің тәртібі

      11. Бөлім жыл сайын жиырмасыншы мамырға дейін аудан (қала) әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында субсидиялар алуға құжаттарды қабылдау мерзімін көрсетіп, Мемлекеттік корпорацияның субсидиялау бағдарламасына қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауды бастағаны, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.04.2017 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      11-1. Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерден осы Қағидалардың 9-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес өтінім мен құжаттарды қабылдайды және оларды Бөлімге Комиссияның қарауына қолма-қол ұсынады.

      Ескерту. Бұйрық 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.04.2017 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      12. Комиссия өтінімдерді қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны алушылардың тізбесін (бұдан әрі – Аудан (қала) бойынша тізбе) қалыптастырады және оны аудан (қала) әкімдігіне бекітуге жіберді.

      13. Аудан (қала) әкімдігі Аудан (қала) бойынша тізбені Бөлімнен алғаннан кейін, оны екі жұмыс күні ішінде бекітеді.

      14. Бөлім Аудан (қала) бойынша тізбе бекітілгеннен кейін, оны үш жұмыс күні ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына береді.

      15. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы Аудан (қала) бойынша тізбе келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мынадай сабақтас іс қимылдарды жүзеге асырады:

      1) субсидиялар төлеу үшін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызыметтердің жиынтық актісін жасайды және бекітеді;

      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості қалыптастырады және бекітеді.

      16. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы тиісті жиынтық ведомості бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне қағаз жеткізгіште берген кезде екі данада төлем шоттары тізілімін және төлем шотын ұсынады, ал төлем шотын "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша өткізген кезде төлем шоттары тізілімі ұсынылмайды.

      Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы бір мезгілде осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінімнің қарастырылу нәтижелері туралы хабарламаны Мемлекеттік корпорацияға береді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.04.2017 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      17. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда мақта талшығының иесі өз қаражаты есебінен басқа сараптамалық ұйымда мақта талшығына қайта сараптама жасатуды іске асырады.

6. Субсидиялау жөніндегі есептілік

      18. Оңтүстік Қазақстан облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпаратты бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша он бесінші шілдеден кешіктірмей, ал жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірмей береді.

      Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында осы Қағдиларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың он бесінші қаңтарынан кешіктірмей орналастырылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.04.2017 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Шитті мақта мен мақта талшығы
сапасының сараптамасына
жұмсалған шығындардың құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.04.2017 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

___________ кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасының
сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға арналған
өтінім

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін

                              (құрылтай құжаты)

      ________________________________________________________________________________

                        (көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы)

      атынан басшысы _________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      ___________ мақта сапасының сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтер үшін

      субсидиялар төлеуді сұрайды.

      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес мәліметтер

      ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным

      туралы хабардармын.

      Басшы ____________________________________________________________________

                         (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Бас бухгалтер ______________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Мөр (бар болса) орны

      "___" __________ 20___ жыл

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы: ________________ _____________________________________

                                     (қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

                                                      куәландыратын құжатта бар болса))

      Мөр (бар болса) орны

      "_____" _______________ 20__ жыл

      Өтiнiм 20 __ жылғы "___"__________________________ қарауға қабылданды.

      ________________________________ облысы ______________________________ауданының

      ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы ____________ ________________________________

                                           (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын

                                                       куәландыратын құжатта бар болса))

      Мөр (бар болса) орны

  Шитті мақта мен мақта талшығы
сапасының сараптамасына жұмсалған
шығындардың құнын субсидиялау
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

___________кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасының
сараптамалары бойынша көрсетілген қызметтердің
№ ____жиынтық тізілімі

      шитті мақта үшін:

рет

Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы

Мақта өңдеу ұйымы/мақта қабылдау пункті

Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар саны

Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге

Тиесілі сома, теңге














Барлығы:






      мақта талшығы үшін:

рет

Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы

Мақтаны өңдеу ұйымы/мақта қабылдау пункті

Нақты көрсетілген қызметтер, сынамаларының (буманың) саны

Буманың (сынаманың) нөмірі

Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге

Тиесілі сома, теңге
















Барлығы:







      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес

      мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына

      сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын.

      Басшы________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

      Мөр орны

      "___" __________20 ___жыл

      _________________________________________________мақта өңдеу ұйымының

      (мақта өңдеу ұйымының атауы)

      басшысы _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

      Мөр орны

      "___" __________20 ___ жыл

  Шитті мақта мен мақта талшығы
сапасының сараптамасына жұмсалған
шығындардың құнын субсидиялау
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

________кезеңіндегі берілген шитті мақтаның сапасы туралы
куәліктер немесе мақта талшығы сапасының паспорттары бойынша
№ _____ жиынтық акт

      шитті мақта үшін:

рет

Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы

Шитті мақта сапасының куәліктері

№ ______-ден ______ дейін

және күні ______ ден _____ дейін

Куәліктердің жалпы саны










Барлығы:




      мақта талшығы үшін:

рет

Көрсетілетін қызметтерді сатып алушының атауы

Шитті мақта сапасының паспорттары

№ ______-ден _______ дейін

және күні _______ ден _____ дейін

Паспорттардың жалпы саны










Барлығы:




      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес

      мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына

      сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын.

      Басшы________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

      Зертхана меңгерушісі ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

      Мөр орны

      "___" __________20 ___жыл

  Шитті мақта мен мақта талшығы
сапасының сараптамасына жұмсалған
шығындардың құнын субсидиялау
қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      Оңтүстік Қазақстан облысы

      __________ауданының (қаласының)

      әкімі__________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болса), қолы, мөр)

      20___ жылғы "___" _____________

_____________кезеңіндегі_____________ ауданы (қаласы) бойынша
субсидиялар алушылардың тізбесі

      шитті мақта үшін:

рет

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар саны

Көрсетілетін қызметтер бірлігіне баға, теңге

Тиесілі сома, теңге












Барлығы:





      мақта талшығы үшін:

рет

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар (бума) саны

Көрсетілетін қызметтер бірлігіне баға, теңге

Тиесілі сома, теңге












Барлығы:





      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес

      мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына

      сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын.

      Ведомствоаралық комиссияның төрағасы ________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      Ведомствоаралық комиссияның мүшелері_________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

      __________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))

  Шитті мақта мен мақта талшығы
сапасының сараптамасына жұмсалған
шығындардың құнын субсидиялау
қағидаларына 5-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      Оңтүстік Қазақстан облысы

      __________ауданының (қаласының)

      әкімі__________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болса), қолы, мөр)

      20___ жылғы "___" _____________

___________кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы сапасының
сараптамасы бойынша көрсетілген қызметтердің жиынтық актісі

      шитті мақта үшін:

рет

Ауданның (қаланың) атауы

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар саны

Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге

Тиесілі сома, теңге














Барлығы:






      мақта талшығы үшін:

рет

Ауданның (қаланың) атауы

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар (бума) саны

Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге

Тиесілі сома, теңге














Барлығы:






      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес

      мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына

      сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын.

      Оңтүстік Қазақстан облысы

      Ауыл шаруашылығы басқармасы

      құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________________________________

      (әкесінің аты, аты, тегі (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

  Шитті мақта мен мақта талшығы
сапасының сараптамасына жұмсалған
шығындардың құнын субсидиялау
қағидаларына 6-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      Оңтүстік Қазақстан облысы

      __________ауданының (қаласының)

      әкімі__________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болса), қолы, мөр)

      20___ жылғы "___" _____________

_______________ кезеңіндегі шитті мақта мен мақта талшығы
сапасы сараптамасының құнын мақтаның иелеріне толықтай өтеуге
субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость

      шитті мақта үшін:

рет

Ауданның каланың) атауы

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, сынама саны

Көрсетілетін қызметтер бірлігіне баға, теңге

Жыл басынан бастап тиесілі субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгені, теңге

Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ жылғы "__" ___ төленуге тиіс, теңге

жыл басынан бастап

20-жылғы "__" ___ бастап "__" ___ дейін






















Барлығы:










      мақта талшығы үшін:

рет

Ауданның (каланың) атауы

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, сынама саны

Көрсетілетін қызметтер бірлігіне баға, теңге

Жыл басынан бастап тиесілі субсидиялар сомасы, теңге

Жыл басынан бастап төленгені, теңге

Тиесілі субсидиялар сомасының қалдығы, теңге

20__ жылғы "__" ___ төленуге тиіс, теңге

жыл басынан бастап

20-жылғы "__" ___ бастап "__" ___ дейін






















Барлығы:










      Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын және шынайы емес

      мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына

      сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын.

      Оңтүстік Қазақстан облысы

      Ауыл шаруашылығы басқармасы

      құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

  Шитті мақта мен мақта талшығы
сапасының сараптамасына жұмсалған
шығындардың құнын субсидиялау
қағидаларына 7-қосымша

      Нысан

      "Бекітемін"

      Оңтүстік Қазақстан облысы

      __________ауданының (қаласының)

      әкімі__________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      (жеке басын куәландыратын

      құжатта бар болса), қолы, мөр)

      20___ жылғы "___" _____________

Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына
берілген субсидиялар туралы жиынтық ақпарат

      шитті мақта үшін:

рет

Ауданның (қаланың) атауы

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар саны

Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге

Төленген субсидиялар, теңге














Барлығы:






      мақта талшығы үшін:

рет

Ауданның (қаланың) атауы

Көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің атауы

Нақты көрсетілген қызметтер, сынамалар (бума) саны

Көрсетілетін қызметтер бірлігінің бағасы, теңге

Төленген субсидиялар, теңге














Барлығы:






      Оңтүстік Қазақстан облысы

      Ауыл шаруашылығы басқармасы

      құрылымдық бөлімшесінің басшысы _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), қолы)

  Шитті мақта мен мақта талшығы
сапасының сараптамасына
жұмсалған шығындардың құнын
субсидиялау қағидаларына
6-1-қосымша
  Нысан

      Ескерту. Бұйрық 6-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.04.2017 № 163 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Субсидия алуға өтінімді қарастыру нәтижелері туралы
20 ___ жылғы "___" _______________№_____ хабарлама

      Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

                   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)/

                               немесе сенімхат бойынша оның өкілі)

      Жүгінудің мақсаты _______________________________________________________________

                                           (субсидияланатын бағыт)

      Өтініш берген күні 20 ___ жылғы "_____" ________________________

      Комиссияның шешімі:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      __________________________ облысы __________________ ауданының (қаласының)

      ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

      ________________________________________________________________________________

                   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)/

                               немесе сенімхат бойынша оның өкілі)

      ___________________ "___" _____________ 20___жыл

            (қолы, күні)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады