Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 16 маусымда № 11362 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 370 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

      3) "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

      4) "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      инвестициялар және даму министрі

      __________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "_____" ________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 16 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 280 бұйрығына
1-қосымша

"Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      куәлікті беру - 4 (төрт) жұмыс күні;

      куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

      куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан - әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға қағаз тасығышта өтініш берген жағдайда электрондық нысанда ресімделген кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Мемлекеттік, көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылды).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.

      Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін, кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды порталда толтыру қажет.

      Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілген қызметті беруші "электрондық қызметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпарттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген) Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

      Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне,
іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      заңды тұлға шағымды жазбаша түрде Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша береді.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Шағымды қабылдаудың растамасы Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөр, кіріс нөмірі мен күні), шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға алынған жауап орнын, көрсетілетін қызметті берушінің мерзімі мен орнын көрсету болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.minfin.gov.kz;

      2) порталда: www.egov.kz орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігіне ие болады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz, Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  "Кәсіби аудиторлық ұйымды
аккредиттеу туралы куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      (кәсіби аудиторлық ұйымның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________ қызметті жүзеге асыру үшін

      ___________________ аккредиттеуді (қайта ресімдеуді, телнұсқасын беруді) сұраймын.

      Орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады

      20__ жылғы "__"____________________

      Кәсіби аудиторлық ұйымның басшысы ________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

  "Кәсіби аудиторлық ұйымды
аккредиттеу туралы куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың тізбесі

      Мүшелер _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (кәсіби аудиторлық ұйымның атауы, БСН көрсетіледі)

      № 1 кесте

Аудитордың ЖСН

Аудитордың тегі

Аудитордың аты

Аудитордың әкесінің аты (болған кезде)

Почта индексі

Ел/облыс/аудан/ елді мекен

Көшенің атауы

Үйдің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8










      № 1 кестенің жалғасы

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Телефоны

Біліктілік куәлігінің нөмірі

Біліктілік куәлігінің берілген

күні

Кәсіби ұйымға өту күні

Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі

Жұмыс орны (аудиторлық ұйымның атауы)

9

10

11

12

13

14

15

16










      № 2 кесте

Аудиторлық ұйымның БСН

Аудиторлық ұйымның атауы

Почта индексі

Ел/облыс/аудан/елді мекен

Көшенің атауы

Үйдің нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

Телефон нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      № 2 кестенің жалғасы

Соңғы тіркеу/ қайта тіркеу күні

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия нөмірі

Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның берілген күні

Кәсіби аудиторлық ұйымға

өту күні

Кәсіби аудиторлық ұйымға мүшелігін растайтын құжаттың немесе мүшелік билетінің нөмірі

Аудиторлық ұйым басшысының ЖСН

Аудиторлық ұйым басшысының тегі

Аудиторлық ұйым басшысының аты

Аудиторлық ұйым басшысының әкесінің аты (болған кезде)

"Аудитор" біліктілік куәлігінің нөмірі

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19











Жұмыс органдарының құрылымы, бар болуы туралы мәліметтер

      Кәсіби аудиторлық ұйымның құрылымы

      (комитеттер, бөлімдер және т.б.)

р/р

Кәсіби аудиторлық ұйым бөлімшесінің атауы

Бөлімше басшысының ЖСН

Бөлімше басшының тегі

Бөлімше басшының

аты

Бөлімше басшының

әкесінің аты

Лауазымының атауы

Байланыс

телефоны

Бөлімше басшысының лауазымы

Аудитордың ЖСН

Аудитордың тегі

Аудитордың аты

Аудитордың әкесінің аты (болған кезде)

Аудит саласындағы жұмыс тәжірибесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


сапаны бақылау бойынша














халықаралық аудит және қаржылық есептілік стандарттары бойынша














аудиторлардың біліктілігін арттыру бойынша














этика мәселелері бойынша














дауларды қарастыру бойынша














*














      Ескертпе:

      *кәсіби ұйымдардың басқа жұмыс органдары (комитеттері) болуы мүмкін.

      Кәсіби аудиторлық ұйымның басшысы _____________________________

      (Т.А.Ә. болған кезде)

      _________________

      (күні)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 280 бұйрығына
2-қосымша

"Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      лицензия беру - 4 (төрт) жұмыс күні;

      лицензияны қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

      заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу - 4 (төрт) жұмыс күні;

      лицензияның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар алынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - электрондық.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, лицензия электрондық пішінде ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және басшысының қолымен куәландырылады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету заңды тұлғаларға ақылы негізде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюджетке "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

      1) аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды;

      3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ веб-портал арқылы төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9-дан бастап 20.00-ға дейін жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен жүзеге асырылады, кезекті портал арқылы брондауға болады;

      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшiн қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      1) лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк куәліктерін беру туралы басшының және аудиторлардың мәліметтерінің нысаны;

      Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті-аудиторлық ұйым құрылған кезде жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн мыналарды:

      елдiң кәсiби аудиторлық ұйымы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хат және шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжат немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хат не нотариалдық куәландырылған лицензияның көшiрмесi;

      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді.;

      қайта ресімдеу үшін негіздемені растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі).

      Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алатын кезде бұрын берілген лицензияны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады;

      3) заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу үшін осы мемлекеттік осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мәліметтердің нысандары және құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      4) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда);

      мерзімді баспа басылымдарында жариялау туралы себептері мен мәліметтерін көрсете отырып, ерікті нысандағы өтініш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді;

      порталда:

      1) лицензия алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес басшының және аудиторлардың бiлiктiлiк куәліктерін беру туралы мәліметтерінің нысаны.

      Шетелдік ұйым (шетелдік ұйымдар) Қазақстан Республикасының резиденті - аудиторлық ұйымды құрған кезде жоғарыда санамаланған құжаттардан басқа, шетелдік аудиторлық ұйым өзiнiң мәртебесiн растау үшiн:

      елдің кәсіби аудиторлық ұйымы беретін аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі және шетелдiк аудиторлық ұйымның мәртебесiн растайтын Халықаралық бухгалтерлер федерациясындағы кәсiби аудиторлық ұйымның мүшелiгі туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе өзi резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органы беретiн аудиторлық ұйымның мәртебесiн растау туралы аудармасымен нотариалдық куәландырылған хаттың электрондық көшірмесі не нотариалдық куәландырылған лицензияның көшiрмесi;

      1) лицензияны қайта ресімдеу үшін:

      осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді;

      қайта ресімдеу үшін негіздемені растайтын құжат (құрылтайшылар шешімі).

      3) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер бұрын берілген лицензия қағаз нысанында ресімделсе, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда):

      мерзімді баспа басылымдарында жариялау туралы себептері мен мәліметтерін көрсете отырып көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

      ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, бюджетке аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат. Аудиторлық қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алымды бюджетке төлеу туралы деректерді автоматты режимде алу мүмкін болмаған жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді қызмет беруші, Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

      Егер лицензия қағаз тасығышта берілген болса, көрсетілетін қызметті беруші телнұсқасын алмастан, өтініші бойынша оны электрондық пішінге аударуға құқылы.

      "Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасының электрондық көшірмесін алып, түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар алынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды беру жеке басының (не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің) куәлігін берген кезде тиісті құжаттарды қабылдап алу туралы қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік корпораци нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағаннан кейін бір ай өткен сон Мемлекеттік корпорация сұрау салуы бойынша бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорация дайын құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажет құжаттар тізбесі мен оларға қойылатын талаптар бойынша жеңілдіктер көзделмеген.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      10. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;

      2) лицензиялық алым енгізілмеген;

      3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекеленген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;

      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;

      6) көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      Уәкілетті орган сұрау салулар жібереді және ақпараттық жүйелерде қамтылған қажетті мәліметтерді пайдаланады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9 тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілген қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртiбi

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу орны мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына түскен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация тікелей басшысына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Мемлекеттік корпорация қолма-қол, сол сияқты почта арқылы келіп түскен шағымның Мемлекеттік корпорация кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 8 800 080 7777 немесе 1414 телефондары арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мелекеттік қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылуы бар, қабілетін толық немесе ішінара немесе өз-өзіне қызмет етуді жүзеге асыру, дербес қозғалу мүмкіндігін, құжаттарды қабылдау, бағыт-бағдарын жоғалтқан қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты орнына барып, 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы құжаттарды қабылдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

      көрсетілетін қызметті берушінің: www.minfin.gov.kz;

      Мемлекеттік корпорация: www.con.gov4с.kz;

      порталдың: www.egov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
     

      15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-76-56, 71-81-42, 71-81-53, 71-80-79, Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша

      Нысан

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алу үшін
заңды тұлғаның өтініші

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы,

      мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға

      филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)___________

      (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық

      атауы көрсетiлсiн жүзеге асыруға лицензияны және(немесе) лицензияға

      қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу

      қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      (шетелдік заңды тұлға үшін) почталық индексі, елі, облысы, қаласы,

      ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар)

      нөмірі)

      Электрондық почта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы ___________________________________________________________

      (почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше

      атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы

      және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе

      беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге

      болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші

      түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және

      жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру

      кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға

      келісімін береді;

      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті

      электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет

      көрсету Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы _____________ ______________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

      Мөр орны

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________________

  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

Өтінім беруші туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Кәсіпорынның мөлшерлігі

шағын

х

орта

х

ірі

х

Қызметті растау

Қызмет түрлері "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес келетінін растаймын

х

      (тиісті жолақта х белгісі қойылады)

      Басшы мәліметтерінің нысаны

      Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы басшының қызметі туралы мәліметтер

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) ___________________________

      Басшының ЖСН ______________________________________________________

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Алдыңғы жұмыс орнының ұйымның атауы

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7

8









      "Аудитор" біліктілік куәлігі туралы басшының мәліметтері

Куәліктің берілген күні

Куәлік нөмірі

"Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4





      Аудиторлар мәліметтерінің нысаны

      Аудитор ретінде аудиторлық ұйымдардағы аудитордың қызметі туралы

ЖСН

Аудитордың тегі, аты, әкесінің аты

Жұмыс орны

Лауазымы

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың күні

Алдыңғы жұмыс орнынан ұйымның атауы

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың нөмірі

Алдыңғы жұмыстан босату туралы бұйрықтың күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      "Аудитор" біліктілік куәліктері туралы аудиторлардың мәліметтері

Куәліктің берілген күні

Куәліктің нөмірі

"Аудитор" біліктілігін берген ұйымның атауы

1

2

3

4






  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

      Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта рәсімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________ (лицензиардың толық атауы) ___________________________________заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________ жүзеге асыруға (қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы) 20___ жылғы " " ___________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес

      (тиісті жолға Х қою қажет):

      бірігу ____

      қайта құру ____

      қосылу ____

      жеке шығу ____

      бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы

      2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____

      3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы _______________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _____________________________________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекенжайы_____________________________________________

      (заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - шетелдік заңды тұлға филиалының немесе

      өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Электрондық почта ___________________________________________________

      Телефондары _________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

      (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, почталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

      өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;

      өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қол жетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;

      өтініш беруші Мемлекеттік корпорация қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда).

      Басшы ____________ ________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған кезде)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________________

  "Аудиторлық қызметті жүзеге
асыруға лицензия беру" мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандартына
4-қосымша

      Нысан

      (Тегі, аты, болса, әкесінің аты

      (болған кезде) (бұдан әрі - аты-жөні)

      не көрсетілетін қызметті алушы

      ұйымының атауы)

      __________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 21.01.2016 № 23 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорацияның филиалының № ___ бөлімі (мекенжайын көрсетіңіз) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіңіз) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ______________________________________________;

      2)______________________________________________;

      3)....

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (болған кезде) (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің)

      (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. (болған кезде)

      Телефон _______________________________________________________

      Алдым: Т.А.Ә. (болған кезде)/көрсетілетін қызметті алушының

      қолы

      20__ ж. "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 280 бұйрығына
3-қосымша

"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет"веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      куәлікті беру - 5 (бес) жұмыс күні;

      куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

      куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кәсіби бухгалтерлік ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық қолтаңбасымен (бұдан - әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті алуға қағаз тасығышта өтініш білдірген жағдайда электрондық нысанда рәсімделген бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылды).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуын растайтын құжаттың (бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау туралы келісім) электрондық (сканерленген) көшірмесі.

      Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін, сондай-ақ бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, телнұсқаны беру үшін көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес сұрау салуды порталда толтыру қажет.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және дәйексіздігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген) Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

      Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне,
іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      арызды заңды тұлға жазбаша түрде Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына, сондай-ақ осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына береді.

      Көрсетілетін қызмет алушының арызында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Министрлік, көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінде арызды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген арызға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, арызды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға арызбен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының арызы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін есепке ала
отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.minfin.gov.kz;

      2) порталда: www.egov.kz орналастырылған.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігіне ие болады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz, Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  "Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымын аккредиттеу туралы
куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  Нысан

Сұрау салу

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттеуді (қайта ресімдеуді, телнұсқасын беруді) сұраймын.

      Орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін

      Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады

      20__ жылғы "__"____________________

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының басшысы ___________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

  "Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымын аккредиттеу туралы
куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген, халықаралық практикаға сәйкес

      келетін Кәсіби бухгалтерлердің этика кодексі

р/р №

Күні

1

2




      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы мүшелерінің құрамы _______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы, БСН көрсетіледі)

      № 1 кесте

Бухгалтердің ЖСН-і

Бухгалтердің тегі

Бухгалтердің аты

Бухгалтердің әкесінің аты (болған кезде)

Жұмыс орны (ұйымның атауы)

Лауазымы

Почта индексі

Ел/облыс/аудан/елді мекен

Көшенің атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      кестенің жалғасы

Үйдің нөмірі

Пәтердің/офистің нөмірі

Телефон нөмірі

Электрондық мекенжайы

Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі

Кәсіби бухгалтер сертификатын беру күні

Жұмыс өтілі (бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі)

Кәсіби ұйымға кіру күні

Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымына мүшелікті растайтын құжаттың нөмірі

10

11

12

13

14

15

16

17

18











      № 2 кесте

Бухгалтерлік ұйымның БСН-і

Бухгалтерлік ұйымның атауы

Почта индексі

Мемлекет/облыс/аудан/елді мекен

Көшенің атауы

Үйдің нөмірі

Индексі

Пәтердің/офистің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8


      кестенің жалғасы

Телефон нөмірі

Факс нөмірі

Кәсіби ұйымға енген күні

Мүшелік билет немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымына мүшелікті растайтын құжаттың нөмірі

Бухгалтерлік ұйым басшысының ЖСН

Бухгалтерлік ұйым басшысының тегі

Бухгалтерлік ұйым басшысының аты

Бухгалтерлік ұйым басшысы әкесінің аты (болған кезде)

9

10

11

12

13

14

15

16


      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының құрылымы, жұмыс органдарының

      (комитеттер, бөлімдер және т.б.) болуы туралы мәліметтер

Бөлімшенің атауы

Бөлімше басшысының лауазымы

ЖСН

Бөлімше басшысының тегі

Бөлімше басшысының аты

Бөлімше басшысы әкесінің аты (болған кезде)

Бөлімше басшысының телефоны

1

2

3

4

5

6

7

сапаны бақылау бойынша







халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша







Бухгалтерлердің біліктілігін арттыру бойынша







этика мәселелері бойынша







дауларды қарастыру бойынша







*








      Ескертпе:

      *кәсіби ұйымдардың басқа жұмыс органдары (комитеттері) болуы мүмкін.

      Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы

Иә

Жоқ

1

2


      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының басшысы _______________________

      (Т.А.Ә. болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 280 бұйрығына
4-қосымша

"Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы
куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет"веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      куәлікті беру - 5 (бес) жұмыс күні;

      куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;

      куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан - әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алуға қағаз тасығышта өтініш берген жағдайда электрондық нысанда ресімделген бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау ұйымын аккредиттеу туралы куәлік басып шығарылады және мөрмен көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының және қолымен куәландырылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда,тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылды).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдардың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық көшірмелері;

      4) мыналар:

      тест сұрақтарын және ахуалдық есептерді қамтитын емтихан модульдерінің құрылымдарын;

      сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығын;

      кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың жұмыстарына тексеру жүргізудің күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімін;

      соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайтын сертификаттарды беру мерзімін;

      нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі үш жыл ішінде, "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша - нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі бес жыл ішінде ғана жарамды деп танылатын "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша кандидаттың оң нәтиже алғанын;

      кандидаттардың құқықтары, міндеттері және жауаптылықтары көрсетілген кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереженің электрондық көшірмесі;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауаптылықтарын және оның құрамын көрсете отырып, емтихан комиссиясы туралы бекітілген ереженің электрондық көшірмесі;

      6) апелляция комиссиясының (кеңес) құрамын, шағымдарды беру мерзімін және қарау мерзімдері, шағым мен комиссия (кеңес) шешімінің нысандары белгілене отырып, емтихан нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, аппеляциялық комиссия (кеңес) туралы бекітілген ереженің электрондық көшірмесі.

      Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін, сондай-ақ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, телнұсқаны беру үшін көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес сұрау салуды порталда толтыру қажет.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және дәйексіздігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілген қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген) Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.

      Ескерту. Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

      шағым жазбаша түрде Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдап алған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.minfin.gov.kz;

      2) порталда: www.egov.kz.

      13. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz, Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 02.06.2017 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  "Бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу туралы
куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Нысан

Өтiнiш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі кәсіби ұйымның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________ қызметті жүзеге асыру үшін

      __________________________________________________________________________

      аккредиттеуді (қайта ресімдеуді, телнұсқасын беруді) сұраймын.

      Орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін

      Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады

      20__ жылғы "__"____________________

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

      жөніндегі ұйымның басшысы ________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

  Бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу туралы
куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымымен өзара іс-қимыл

      туралы келісім*

Р/с

Күні

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы

Қолданылу мерзімі (кемінде 3 жыл)

1

2

3

4






      Ескертпе:

      * бірнеше келісім жасалған кезде барлық мәліметтер ұсынылады

Тәуелсіз емтихан жүйесінің құрылымы туралы мәліметтер

Бөлiмшенің атауы

Басшының ЖСН

Басшының тегі

Басшының аты

Басшының әкесінің аты (болған кезде)

Оқытатын ұйымдарға қатысы бар ма

Лауазымының атауы

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9











      Емтихан комиссиясының құрамы**

Емтихан комиссиясындағы ереже

Емтихан комиссиясына қатысушының ЖСН

Емтихан комиссиясына қатысушының тегі

Емтихан комиссиясына қатысушының аты

Емтихан комиссиясына қатысушының әкесінің аты (болған кезде)

Емтихан комиссиясына қатысушының негізгі жұмыс орны

Емтихан комиссиясына қатысушының лауазымы

Емтихан комиссиясына қатысушының байланыс телефоны

Емтихан комиссиясына қатысушының электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Есептік-талдау саласында, экономика және қаржы саласында, бухгалтерлік, экономикалық, қаржы, аудиторлық, бақылау-тексеріс салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында (мемлекеттік және орыс тілдерінде) бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі, заңгерлер үшін: заң саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілі

Мамандығы көрсетілген жоғарғы білімі болуын растайтын құжаттың атауы

Мамандығы көрсетілген жоғарғы білімі болуын растайтын құжатты кім берді

Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың берілген күні

Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың нөмірі

Кәсіби бухгалтер сертификатын берген ұйымның атауы (болған кезде)

Кәсіби бухгалтер сертификаты берілген күн (болған кезде)

Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі (болған кезде)

10

11

12

13

14

15

16

17


      Ескертпе

      ** Комиссия төрағасы, сондай-ақ кемінде он мүше, оның ішінде кәсіби бухгалтер сертификаты бар кемінде 5 мүше, заң білімі және заң саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде 1 мүше.

  "Бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу туралы
куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша

Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін материалдар мазмұнына қойылатын талаптар

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 06.09.2019 № 970 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы талаптар уәкілетті органға сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу үшін ұсынылатын материалдарға қойылады.

      2. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдар мыналардан:

      1) емтихандық модульден;

      2) емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібінен тұрады.

      3. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдардың мазмұны:

      1) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі - ХҚЕС");

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес келуі тиіс.

      4. Көрсетілген пәндер бойынша аккредиттеу үшін материалдар "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша көшіріп пайдаланусыз (плагиатсыз) оларды ұсыну күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ қолданыстағы өзгерістерді және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудармаларды ескере отырып, ХҚЕС-на сәйкес келеді.

      5. Жекелеген пәндер бойынша емтихандық модуль мыналарды:

      1) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша - кемінде екі жүз тестілік сұрақтар жауаптары мен және жүз тапсырма шешімдерімен, кем дегенде әрбір ХҚЕС бойынша бір міндетті тапсырма. Бұл ретте осы пән бойынша білімді тексеру жазбаша емтихан арқылы жүргізіледі, ол бес сұрақтан тұрады, олар есеп айырысу және пікірталас бөліктерін қамтиды. Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты не пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепті дайындау жөніндегі мәселе міндетті болып табылады;

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша - "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптары мен кемінде үш жүз тестілік сұрақтары және кемінде жетпіс есеп шешімдерімен;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша - "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде екі жүз қырық тестілік сұрақтар жауаптары мен және жетпіс есеп шешімдерімен қамтиды.

      6. Көрсетілген пәндер бойынша тестілік сұрақтар барлық ХҚЕС-ті, сонымен қатар, осы талаптарға тиісінше тізбелердегі тақырыптарды қамтиды. Бұл ретте "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша әрбір ХҚЕС бойынша кемінде алты сұрақ және "Салық және салық салу" мен "Азаматтық құқық" әрбір тақырып бойынша кемінде он төрт сұрақ жасалады.

      Тестілердің жауаптары жалғыз дұрыс жауап болатындай етіп жасалады. Тестілік сұрақтарда "Неғұрлым дұрыс жауапты көрсетіңіз" деген үлгі бойынша тест конструкциясына және тест бойынша жауаптарда "Барлық жауаптар дұрыс" деген үлгі бойынша конструкцияларға жол берілмейді.

      Тестерде ситуациялық есептерді көрсетіп дұрыс жауабын талап етуге жол беріледі.

      7. Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібі:

      1) емтихандық билеттерді қалыптастыру қағидасын;

      2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидасын;

      3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидасын қамтиды.

      Емтихандық билет:

      1) тестілік сұрақтарды (кемінде отыз);

      2) міндетті есепті (кемінде бір);

      3) қосымша есепті (кемінде бір) қамтиды.

      Емтихан нәтижелерін бағалау қағидасы тестінің дұрыс жауаптары үшін, есептерді шешкені үшін берілетін баллдар мөлшерін, сондай-ақ емтиханды тапсыру үшін жалпы сомалық баллды ("өтпелі" баллды) қамтиды, ол жалпы балл санының кемінде елу пайызын құрайды. Бұл ретте, бағалау қағидасында міндетті есептің шешімі болмаса (бірнеше міндетті есептер болған кезде - қайсысы екені көрсетілсін) басқа тапсырмалар бойынша нәтижелерге қарамастан емтиханды тапсырудың қанағатсыз нәтижесі болып табылатынын көрсету қажет.

      8. Міндетті есеп есептің мазмұнынан және оларды шешуге арналған тапсырмалардан тұрады. Есептердің мазмұнында қандай кезеңге және қандай өлшем бірліктерінде ақпарат көрсетілгені және қандай нақты ахуал бойынша тапсырма қойылғаны көрсетіледі.

      Міндетті есеп кемінде 8-10 тапсырмадан құралады, бұл ретте олар бір мезгілде мыналарды қамтиды:

      1) "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша - шоғырландырылған бухгалтерлік балансты немесе шоғырландырылған пайда мен зияндар туралы есеп жасау бойынша, оған әртүрлі ХҚЕС бойынша олардың арифметикалық шешімімен кем дегенде төрт есеп";

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша тапсырмалар (кемінде екі түрі) немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір түрі бойынша өтпелі тапсырма және "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес 1-5 және 20-21-тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырмаларын;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша - "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде он тақырып бойынша тапсырмаларды қамтиды.

      Міндетті тапсырмалардың санын ұлғайтқан жағдайда тапсырмалардың саны теңбе-тең азайтылады.

      9. Аккредиттеу үшін материалдар қателерсіз жазылады, мазмұны дәйекті қисынмен беріледі.

      10. Аккредиттеу үшін материалдарды жасау кезіндегі шарттар: көлемі кемінде 200 бет, шрифті Tіmes New Roman, шрифттің көлемі - кемінде 12.

      11. Аккредиттеу үшін материалдар жаңартылады және уәкілетті органға мыналар өзгергенде:

      1) ХҚЕС;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде тапсырылады.

      "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесі

      1. Салық және салық салу мәні. Қазақстан Республикасындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жүйесі.

      2. Салықтық қатынастарға қатысушылар.

      3. Салықтық міндеттеме.

      4. Салықтық есепке алу.

      5. Салықтық нысандар.

      6. Корпоративтік табыс салығы.

      7. Жеке табыс салығы.

      8. Халықаралық салық салу ерекшеліктері.

      9. Қосылған құн салығы

      10. Акциздер

      11. Экспортқа салынатын рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық.

      12. Әлеуметтік салық.

      13. Көлік құралдарына салынатын салық.

      14. Жер салығы.

      15. Мүлік салығы.

      16. Ойын бизнесіне салынатын салық. Тіркелген салық.

      17. Арнайы салық режимдері.

      18. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Алымдар. Мемлекеттік баж.

      19. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Төлемдер.

      20. Салықтық әкімшілендіру.

      21. Салықтық тексерулер. Әкімшілік жауапкершілік. Тексеру нәтижелеріне шағымдану.

      "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесі

      1. Жалпы ережелер.

      2. Азаматтық қарым қатынастардың субъектілері.

      3. Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары.

      4. Азаматтық құқықтар объектілері

      5. Мәмілелер

      6. Өкілдік. Сенімхат.

      7. Азаматтық құқықтағы мерзімдер

      8. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.

      9. Міндеттемелер

      10. Шарт.

      11. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу.

      12. Зияткерлік меншігі.

      13. Банк ісі.

      14. Сақтандыру.

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі

      ұйымның басшысы _______________ __________________________________________

      (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      Мөр орны (болған кезде) ____________________

      (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады