Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 шілдеде № 11777 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2020 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылыған мемлекеттiк сынау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.11.2020 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 22 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 27 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
1-қосымша

"Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
2-қосымша

"Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.11.2020 № 337 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-2/416 бұйрығына
3-қосымша

"Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 288 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезінде Мемкомиссияға құжаттар тапсырған күннен бастап – бір жылға дейін;

      мемлекеттік сорт сынау деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарына сынау және бағалау жүргізу кезінде танаптық тәжірибелер жүргізген күннен бастап:

      дәнді, дәнді-бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, көкөніс, бақша дақылдары, гүлді-сәндік дақылдар және картоп бойынша – 3 жылға дейін;

      азықтық дақылдар бойынша – 6 жылға дейін;

      жеміс, ағаш, жидек дақылдары және жүзім бойынша – 12 жылға дейін;

      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне сортты қосу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес.

      Өтінімді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді Мемкомиссия сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттар мен материалдарды қамтитын өтінім ұсынады:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтініш, екі данада;

      2) көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының шаруашылыққа жарамдылығына сынау және бағалау жүргізу кезінде – топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынаудың оң нәтижелерін растайтын құжаттама;

      3) селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылдарға арналған нысан бойынша), екі данада;

      4) тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;

      5) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродукциялық бөліктерінің және сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің фотографиялары;

      6) өтініш беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқық мұрагерлері мен делдалдар үшін);

      7) сынауға берілетін сортта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекция сорттары үшін);

      8) тұқымдық және отырғызу материалының үлгілері.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемкомиссияға тапсырған кезде, қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын Мемкомиссияның кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, тіркелгені туралы белгі растайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы сортқа сынау жүргізу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) сортқа сынау жүргізу үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11879 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссияның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандарттың 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен арыздарын есепке алу журналдарында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат күні мен уақыты, арызды/шағымды қабылдаған адамның аты-жөні және тегі, сондай-ақ берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Тіршілік әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылықтары бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін күту мен қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемкомиссияның ғимараттары мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған болады.

      14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде;

      2) Мемкомиссияның www.goscomsort.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерінің шаруашылыққа
жарамдылығын мемлекеттік
сынау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, "Іскер" бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)

Өтініш нөмірі







 
Тіркелген күні







 

Селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтініш

Өтініш беруші(лер)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңдытұлғаның атауы және мекенжайы)
Азаматтығы ________________________________________________________
Хат алмасуға арналған мекенжайы____________________________________
__________________________________________________________________
Телефоны _______________ Электрондық мекенжайы ____________________
Селекциялык жетістік оригинаторының(ларының) атауы(лары) және қатысу
үлесі, %-бен _______________________________________________________

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Тегі, түрі (қазақша атауы)
____________________________________________________________________
Тегі, түрі (орысша атауы)
____________________________________________________________________
Тегі, түрі (латынша атауы)
______________________________________________
____________________________________________________________________



Ұсынылып отырған атауы ____________________________________________________________________ Селекциялық нөмірі ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Автор(лар) (егер, автор(лар) өтініш беруші(лер) болып табылмаса)

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Үйінің мекенжайы

Қатысу үлесі, %












Мендегі (біздегі) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтініштер

Тіркелген

Өтініш нөмірі

Кезені

Қандай атаумен

елі

күні

Қорғауға беруге

Шаруашылыққа жарамдылығын сынауға

Мен (біз) бірінші өтініште берілген материал осы сортты білдіретінін және осы өтінішке сәйкес келетінін мәлімдеймін(міз)

Оригинатор ұсынып отырған сынау (пайдалану) салалары

Мен (біз) селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығына мемлекеттік сынау жүргізуді өтінемін(міз).
Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінішті қарауға қажетті және осы өтініш пен қосымшаға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс екендігін мәлімдеймін(міз).
Мен (біз) үлгілердің тиісінше алынғандығын және сорттың репрезентативті іріктелгенін көрсететінін растаймын(мыз).
Мен (біз) Мемлекеттік комиссия мен оның инспектураларының нарядтары бойынша шаруашылыққа жарамдылығына сынау жүргізу үшін тұқымның қажетті мөлшерін, сондай-ақ сақтауға сорттың эталондық үлгісін өтеусіз беруге міндеттенемін(міз).
Өтініш берушінің (берушілердің) қолы (қолдары)
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
Мөр (бар болса) орны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады