Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қыркүйекте № 12127 болып тіркелді

      «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабы 2-тармағының  6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуына мүмкін болмайтын аурулардың тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Г.Ө. Құлқаева):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйеде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1)2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                          Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің     
2015 жылғы 28 тамыздағы  
№ 692 бұйрығымен      
бекітілген         

Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе
қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесі

      1. Адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ).
      2. Психикалық аурулар, күйзеліске және соматонысандық бұзылуға байланысты невроздықтан басқа АХЖ 10 бойынша кодтары F00-F79АХЖ 10 бойынша кодтары F40-F48.
      3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық.
      4. Туберкулез (бактерия бөлетін созылмалы, алғаш рет анықталған, бацилла бөлетін (абацилирлеу сәтіне дейін).
      5. Әсіресе жыныстық жолмен берілетін аурулар (емделмеген мерез, емделмеген соз, емделмеген урогениталды хламидиоз).
      6. Алапес, АХЖ - 10 бойынша кодтары А30.0 - А30.9.
      7. Біріктіруші тіндерді ыдыратудың ауыр сырқаттары (жүйелі қызыл жегі, склеродермия, дерматомиозит).
      8. Ороговенияның бұзылуымен ауыр дерматоздар (ихтиоздардың ауыр нысандары, ихтиозонысанды эритродермия, артропатиялық псориаз).
      9. Ауыр созылмалы буллездік дерматоздар (акантолиттік көпіршік, пемфигоид, терінің ихтиозонысанды зақымдануы, буллездік эпидермолиз).
      10. Медициналық қорытындының негізінде тұрақты басқа күтім мен көмекті қажет ететін аурулар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады