Байланыс формасы

Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12572 тіркелді.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 159-бабына, 292-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабына сәйкес сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімнің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар;

      2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есептің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйінің актісінің нысаны бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарының күші жойылды дел танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде 3-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің төрағасы

      _____________ Ә. Смайлов

      2015 жылғы қараша



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.01.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәліметтер

1.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


2.

Орналасқан жері: заңды мекенжайы және нақты орналасқан жері


3.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)


4.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

5.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

6.

Инвестициялық жобаның менеджері

______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

2-тарау. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер

7.

Инвестициялық жобаның атауы

_______________________________________

8

Инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, қала)


9.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрі(лері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптарының деңгейінде)

_______________________________________

10.

Қосылған құн салығын есепке алмай заңды тұлғаның тіркелген активтерге инвестициялардың көлемі (тіркелген актив пайдалануға берiлгенге дейiн инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді ұсынғанға дейін 24 айдан ерте емес мерзімдегі шығындар есепке алынады)

_______________________________________
(теңге)

11.

Жобаны қаржыландыру көздері, мыналардың болуы:
1) меншік қаражаты
2) қарыз қаражаты
3) бюджеттік қаражат

1) _____________________________________
(меншік қаражатының болуын растайтын
құжаттың атауы, №, күні)
2) ____________________________________
(жобаны қаржыландыру көздерін
белгілейтін құжаттың атауы, №,
күні, кредитор)
3) _____________________________
(бюджеттік қаражаттарын қаржыландыруды
растайтын құжаттың атауы, №, күні)

3-тарау. Жобаны іске асыру үшін талап етілетін инвестициялық преференциялар*

12.

1) технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштарының;
2) технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату

1) _______________________________
(жеңілдетілген сома)
2) _____________________________
(жеңілдетілген сома)

12-1

Шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату

____________________________________
(жеңілдетілген сома)

13.

Кедендік тазартуды жүргізу орны


14.

Мемлекеттік заттай грант

_______________________________________
(нарықтық құны)
__________________________________
(алдын ала келісуді растайтын құжаттар)

15.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер**

________________________________
(шарттық сомасы)

16.

Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер**

________________________________
(шарттық сомасы)

17.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер***

________________________________
(шарттық сомасы)

18.

Инвестициялық субсидия**

____________________________
(мың. теңге)
Қосылған құн салығын және акциздерді есепке алмай, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдықты сатып алуға жұмсалған сома көрсетіледі

19.

Шетелдік жұмыс күшінің саны***, оның ішінде (инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімге қосымшаға сәйкес):
1) басшылар,
2) жоғары білімі бар мамандар,
3) білікті жұмысшылар

1) _____________________________
(адам саны)
2) _____________________________
(адам саны)
3) ____________________________
(адам саны)

      Ескертпе:

      * қажеттілігі болған жағдайда толтырылады;

      ** жаңа өндірісті құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған;

      *** жаңа өндірісті құру, сондай-ақ қолданыстағы өндірісті кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау, жаңғырту) бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған

      4-тарау. Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы

      ________________________________________________________________________________

      (атауы)      Инвестордың атауы: ___________________________

1-бөлім: тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

Тіркелген активтерді пайдалануға беру күні

Күнтізбелік жыл

Барлығы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

жыл бойынша жиыны







1-бөлім бойынша жиыны:












2-бөлім: технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны

Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Игеру кезеңі

Барлығы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

жыл бойынша жиыны

1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:












2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:












2-бөлім бойынша жиыны:






3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер, заттай көріністегі саны

№ р/н

Тауарлардың жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы

Күнтізбелік жыл

Барлығы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойынша жиыны








3-бөлім бойынша жиыны





      5-тарау. Еуразиялық Экономикалық Одақтың заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тізімі және көлемі*.

Атауы

Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық комиссиясының тауарлық номенклатурасы- ЕАЭО СЭҚ ТН

Өлшембірлігі

Саны

Тауарларды бірдей жіктеуге мүмкіндік беретін құжаттар**

1.






2.






Жиыны

      Ескертпе:

      * қажеттілігі болған жағдайда толтырылады;

      ** тауарларды жіктеу бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және өзге де ақпаратты, оның ішінде бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, және өтініш берген заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған басқа да құжаттарды қамтуы тиіс.

      6-тарау. Инвестициялық басым жоба үшiн инвестициялық преференциялар келесі шарттар сақталған кезде беріледі 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінінің 286-бабының 5-тармағына сәйкес.

________________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

_______________________________
(қолы, мөрі (бар болған жағдайда)
және күні)

  Инвестициялық
преференцияларды
беруге арналған өтінімге
қосымша
  Нысан

Тартылатын шетел жұмыс күші туралы мәлімет

Тегі, аты, әкесінің аты, (оның ішінде латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы / тұрғылықты елі

Төлқұжатының нөмірі, берілген күні мен берген орган (жеке басын куәландыратын құжат)

Тартылатын кезеңі (ай, жыл)








_______________________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

_______________________________
(қолы, мөрі (бар болған жағдайда) және күні)


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
2-қосымша

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.01.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономиялық және экологиялық ықпалы*;

      5) қаржылық бөлім*.

      2. Жобаның түйіндемесі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) заңды тұлға туралы ақпарат:

      елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;

      квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі;

      2) жоба бойынша ақпарат:

      жобаның атауы;

      жобаның мақсаты;

      болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру, қолданыстағыларды кеңейту және жаңарту);

      құрылатын жаңа жұмыс орындарының (уақытша және тұрақты) саны;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішісіне сәйкес шығарылатын өнімнің номенклатурасы (ҚР ЭҚТӨЖ).

      3. Технологиялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:

      1) технологиялық процесте сатып алынатын және қолданатын тіркелген активтерді, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, инвестициялық жоба технологиясының сипаттамасы;

      2) инвестициялық жобадағы қазіргі заманғы технологиялардың қолданылуы;

      3) Бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 1-қосымшаға сәйкес (осы шикізат пен материалдарды импорттау кезінде толтырылады) техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдардың салыстырмалы талдауы;

      4. Коммерциялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:

      1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

      пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату, сонымен қатар шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату кезінде толтырылады);

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;

      технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);

      инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді ұсынған заңды тұлғамен шарттық қатынастың бар болуын көрсете отырып, технологиялық жабдық пен шикізатты жеткізушілер;

      2) маркетинг:

      өнімді өткізу - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге жеткізу болжанатынын, нарықта ұқсас, өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің бар екенін көрсету;

      5. Әлеуметтік-экономиялық ықпалы өзіне мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары:

      жобаны құрушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы, жабдықты жеткізуші, шикізат пен материалдарды жеткізуші, делдалдар;

      2) Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);

      3) тартылатын шетел жұмыс күшінің функционалды міндеттемелерінің таралуы (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады) *;

      4) Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы*;

      5) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік әсер.

      6. Қаржы бөлімі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

      меншік қаражаты;

      қарыз қаражаты (кредиттер немесе тартылған шаруашылық субъектілердің қаражаты) және/немесе грант;

      бюджеттік қаражат;

      2) қаржылық талдау:

      инвестициялық преференцияларды есепке алмай және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;

      жобаның өмірлік кезеңі ішінде таза дисконттық табыс;

      жобаның өмірлік кезеңі ішінде табыстылықтың ішкі нормасы;

      жобаның өтімділік мерзімі (қарапайым және дисконттық);

      табыстың қарапайым нормасы (рентабельділігі);

      Бизнес-жоспарды жасау бойынша талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.

      7. Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары тігіліп және нөмірленуі, заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылуы тиіс.

      Ескертпе: *инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғалар толтырмайды.

  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
1-қосымша
  Нысан

Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдарды салыстырмалы талдау

Тауардың
атауы

Техникалық сипаты

Құндық сипаты

Қазақстан Республика
сында

ЕАЭО елдерінде

басқа елде (-рде)

Қазақстан Республикасында

ЕАЭО елдерінде

басқа елде (-рде)








  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
2-қосымша
  Нысан

Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)

Құрылыс кезеңіндегі

Пайдалануға енгізгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
3-қосымша
  Нысан

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

р/с№

Кәсіптің атауы

Біліктілік деңгейі (тарифтік разряды, санаты)

Саны





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
4-қосымша
  Нысан

Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындармен кірістердің есебі

Бюджетке міндетті төлемдердің түрлері

Күнтізбелік жыл

Жиыны

преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

Корпоративтік табыс салығы





Мүлік салығы





Жер салығы





Кедендік баж салығы





Әлеуметтік салық





Зейнетақы төлемдері






  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      20___жылғы "____"______ №____ инвестициялық келісімшартты

      орындау туралы жартыжылдық есеп

_______________________________________

(Инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғаның атауы)

_____________________________________

(Жобаны іске асыру орны)


      Есептік кезең: 20___жылғы ______жартыжылдық

      Индексі: № 1 - ИК нысан

      Кезеңділігі: жартыжылдық

      Ұсынады: инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен инвестициялық келісімшартты жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары

      Ұсыну мерзімі: ағымдағы жылғы 25 шілдеге дейін және есептік кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін

1-бөлім. Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Р/н

Шығын баптары

Жоспар

Нақты

Ауытқулар (+;-)

Ауытқу себебі

Растайтын құжаттар (атауы, №, күні)

1

2

3

4

5

6

7

1.1







2

Пайдалануға енгізген күні






және т.б.








Жиыны:






2-бөлім. Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат пен материалдар импорты

2.1

Қосалқы бөлшек (саны, өлшем бірлігі)






2.1.1

Атауы






2.1.2

Теңгерім есептерінде кірістерді растайтын құжат






және т.б.







2.2

Шикізат және материалдар (саны, өлшем бірлігі)






2.2.1







және т.б.








Жиыны:






3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер

_______________________________________

(шығарылатын өнімнің атауы)

3.1

Өнімді шығарудың/ қызметтерді көрсетудің басталған күні






3.2

Өндірілген өнімнің/көрсетілген қызметтің көлемі






3.3.1

Пайдаланылған шикізаттың және материалдың көлемі







      Осымен инвестициялық Келісімшарттың талаптарына сәйкес тіркелген активтер жалға берілмегенін, иеліктен айырылмағанын және берілген мемлекеттік заттай гранттың және сатып алынған тіркелген активтердің нысаналы мақсаты өзгертілмегенін растаймыз. Көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және түпнұсқалығын куәландырамыз.

      Орындаушы ____________________ Тел. _______________ E-mail __________

      Тегі, аты, әкесінің аты

      Қолы _______________

      Басшы __________________________ Қолы __________________________ М.О.

      Тегі, аты, әкесінің аты

      Бас бухгалтер __________________ Қолы _______________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты

      "Инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есеп" нысанын

      толтыру бойынша түсініктеме

      1. "Инвестициялық келісімшартты орындау туралы жарты жылдық есеп" нысаны Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 159-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. "Инвестициялық келісімшартты орындау туралы жарты жылдық есеп" нысаны, Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен белгіленген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығын баптары бойынша толық жазылып, 25 қаңтардан және 25 шілдеден кешіктірмей ұсынылады.

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      1-бөлім. "Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге":

      "Р/н №" деген 1-бағанда рет бойынша нөмірмен көрсетіледі. Кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс;

      "Шығын баптары" деген 2-бағанда есептік кезең ішінде "Жұмыс бағдарламасы" инвестициялық келісімшартқа 1-қосымшадан шығын баптары көрсетіледі;

      "Жоспар" деген 3-бағанда есептік кезең ішінде "Жұмыс бағдарламасы" инвестициялық келісімшартқа 1-қосымшадан шығын сомасы көрсетіледі;

      "Нақты" деген 4-бағанда есептік кезең ішінде расталатын құжаттарға сәйкес шығын сомасы көрсетіледі;

      "Ауытқу (+;-)" деген 5-бағанда "4" баған дерегінен "3" баған дерегін шегереміз;

      "Ауытқу себебі" деген 6-бағанда "4" және "3" бағанар арасында туындаған айырмашылық себебі көрсетіледі;

      "Растайтын құжаттар (атауы, №, күні)" деген 7-бағанда есептік кезең ішінде шығын сомасын растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі;

      "Пайдалануға енгізілген күні" деген жолда 1.1-жолдың шығын бабында көрсетілген, тіркелген активтердің пайдалануға енгізілген күні көрсетіледі;

      1-бөлімнің қалған жолдары "1.1" жолға ұқсас толтырылады.

      2-бөлім. "Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдардың импорты, өлшем бірлігі".

      2-бөлімнің деректері 1-бөлімге ұқсас толтырылады, бұл ретте "Шығын баптары" және "Жоспар" деген бағандардың көрсекіштері инвестициялық келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетіледі.

      3-бөлім. "Өндірістік көрсеткіштер".

      Жоспар" деген бағандағы 3-бөлімнің деректері инвестициялық келісімшарт жасаған заңды түлға Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімге ұсынылған бизнес-жоспардан көрсетіледі. Қалған көрсеткіштер 1 және 2-бөлімдерге ұқсас толтырылады.

      Қосымшалар: тіркелген активтердің пайдалануға енгізілгенін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттардың Инвестициялық келісімшартты жасасқан заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
4-қосымша

      Нысан

_______ жылғы "____" _______ № ________ Инвестициялық келісімшарттың жұмыс
бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйінің
АКТІСІ

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.01.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20____ жылғы "__" _______ № ________

      Тіркелген активтерге инвестициялар

Келісімшартқа 1-қосымшаның және 2- қосымшаның 1-бөлімнің мәліметтері

Тексеру барысында белгіленген нақты деректер

Сомасының ауытқуы, +/- ("5" баған - "3" баған)

шығын баптары

сомасы (мың теңге)

пайдалануға енгізілген күні

сомасы (мың теңге)

пайдалануға енгізілген күні


1

2

3

4

5

6

7

1.1







және т.б.















Жиыны:






Растайтын құжаттарды көрсете отырып, нақты көрсеткіштердің жоспарлыдан ауытқу себептері мен дәлелдері




      Қосымшалар:

      1) инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауды растайтын

      құжаттардың жиынтық тізілімі;

      2) инвестициялық қызмет объектісінің фото суреттері;

      3) инвестициялық келісімшартқа қатысты қосымша құжаттар.

      Тексеруші: ________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Мен, _____________________________________________________________________

      (Инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)

      тексеру үшін ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыстығын растаймын.

      Тексеру нәтижелерімен таныстым.

      ________________________________________________________________________________

      (өткізілген тексеру бойынша ескертулер және/немесе ұсыныстар)

      __________________________

      (қолы және мөрі)

      Бас бухгалтер: _____________________________________________      ____________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7760 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылы 22 тамызда № 534-539 (27612) ресми жарияланған);

      2. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 229 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8639 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылы 26 қазанда № 240 (28179) ресми жарияланған);

      3. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индуситрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусмыдағы № 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 2 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9714 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылы 15 қазанда № 197 (28675) ресми жарияланған);

      4. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 14 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9776 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 10 қарашада жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады