Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13238 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2022 № 700 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2019 № 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2022 № 700 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық эталонды бақылау банкіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына орналастыру үшін оның көшірмесін жолдауды;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аталған бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 25 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1088 бұйрығымен бекітілген

Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 26.08.2022 № 700 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құрал-жабдықтар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ресімдеу және ұсынуды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;

      2) мүгедектігі бар сотталған – тіршілік-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, бұзылуларына байланысты ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам;

      3) мүгедектiк – ағза функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адам тiршiлiгінің шектелу дәрежесi;

      4) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – жеке бағдарлама) – мүгедектігі бар адамды абилитациядан және оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін оның жеке қажеттіліктері негізінде белгілейтін құжат;

      5) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ТКҚ) – протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан ағаның бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;

      сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;

      тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған техникалық құралдар;

      міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;

      6) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілей отырып (белгілемей), ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған куәландырылатын адамның тіршілік-тынысының шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын ұсыну тәртібі

      3. Мүгедектікті және еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуді, сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындауды МӘС жолымен жүргізеді.

      МӘС-ті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі –аумақтық бөліністері) жүргізеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде орналасқан медициналық ұйымның (бұдан әрі-медициналық ұйым) дәрігерлік-консультациялық комиссиясының жолдамасы:

      1) ағза функциялары тұрақты бұзылған кезде алғаш куәландыру;

      2) қайталап куәландыру (қайта куәландыру) мақсатында МӘС жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Медициналық ұйым тіршілік-тынысының шектелуіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақат салдарынан немесе кемістіктен туындаған ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шаралары кешенін жүргізеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Медициналық ұйым сотталғанның ағза функцияларының тұрақты бұзылуын анықтаған кезде ҚАЖ мекемесі орналасқан жері бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөліністеріне "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) куәландыратын адамға құжаттарын әзірлейді және ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Медициналық ұйым қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып, мүгедектігі бар сотталғанға қайта куәландыруға (қайтадан куәландыруға) мекеме орналасқан жері бойынша аумақтық бөліністеріне құжаттарды жібереді.

      Мүгедектігі бар сотталғандар ҚАЖ мекемелеріне қайтадан келген кезде қайта куәландырудың кезекті мерзімін ескере отырып қайтадан куәландыруға жатады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Куәландырылатын (қайта куәландырылатын) адамға МӘС ҚАЖ мекемелерінде және тергеу изоляторларда өткізіледі.

      МӘС өткізген кезде сотталғанның болуы қажет.

      9. Сотталғанға МӘС өткізілетін кезде ҚАЖ мекемелерінің әкімшілігі аумақтық бөліністерінің өкілдеріне еріп жүреді және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Есту, сөйлеу қабілеттерінің айқын бұзылыстары бар (кереңдік, IV дәрежедегі құлақ мүкістігі, керең-мылқаулық) адамдарды куәландыру кезінде мекеме әкімшілігі ымдау тілі маманының (сурдоаудармашы) қатысуын қамтамасыз етеді.

      Сотталғанды куәландыру нәтижесі бойынша МӘС-пен мүгедектігі белгіленеді немесе бас тарту бойынша қорытынды шығарылып ҚАЖ мекемесі әкімшілігінің өкілдеріне беріледі.

      11. Мүгедектігі бар сотталғандарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің:

      1) "Мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы №284 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32984 болып тіркелген) (бұдан әрі- № 284 бұйрық);

      2) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 287 бұйрық) бұйрықтарымен жүзеге асырылады.

      Мүгедектігі бар сотталғандар "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығымен бекітілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларымен қатар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылған және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнайы жүріп-тұру құралдарын өзімен бірге алып жүреді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Протездік-ортопедиялық құралдардың барлық түрімен және оларды жөндеу, сурдотехникалық, тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, сондай-ақ арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету жеке бағдарламаға сәйкес мемлекеттік бюджет қаражатты немесе сотталғанның өз қаражаттары есебінен жазасын өтеу орны бойынша жүргізіледі.

      Мүгедектігі бар сотталған протездік-ортопедиялық құралдардың барлық түрін, сурдотехникалық, тифлотехникалык құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдарын қасақана бұзған жағдайда олармен қамтамасыз ету және жөндеуі сотталғанның өзінің немесе туыстарының қаражаты есебінен жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. № 287 бұйрықтың талаптарына сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен, соның ішінде жазасын өтеу кезінде алынған кәсіби аурулары немесе еңбек жарақаттары бар мүгедектігі бар адамдар жұмыс берушінің қаражатынан жеке бағдарламаға сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, ТКҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз етіледі.

      Жұмыс берушінің-жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде жұмыс берушінің кінәсінен алынған кәсіби аурулары немесе еңбек жарақттары бар мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек, ТКҚ және арнаулы жүріп-тұру құралдары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. ҚАЖ мекемелерінің мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен протездік-ортопедиялық көмекке, сурдотехникалық, тифлотехникалық және, міндетті гигиеналық құралдармен, сондай-ақ арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге мұқтаж мүгедектігі бар сотталғандардың құжаттары №287 бұйрықпен бекітілген тізбе бойынша сотталғанның жазасын өтеу орны бойынша республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарына жолданады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. №287 бұйрыққа сәйкес протездік-ортопедиялық көмек көрсету бойынша қызмет көрсетудің жеткізушісімен амбулаторлық немесе стационарлық протездеу үшін мүгедектігі бар сотталғанды шақыру қажеттілігі немесе оның қатысуынсыз тапсырысты орындау анықталады.

      Сотталғанды шығару қажеттілігі болған жағдайда шақыру алдын ала жолданады, бастапқы стационарлық протездеу 20 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Қайта стационарлық протездеу 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Амбулаторлық немесе стационарлық протездеуге шақыру алған жағдайда ҚАЖ мекемелері сотталғанды протездік-ортопедиялық көмек көрсету бойынша қызмет көрсетудің жеткізушісіне жеткізуді және оның күзетін қамтамасыз етеді.

      17. Мүгедектігі бар сотталғандарды және оларға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын беруді есепке алу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар сотталғандарды және оларға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын беруді есепке алу журналында жүргізіледі.

      18. ҚАЖ мекемелері техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын алған мүгедектігі бар сотталғандардың тізімдерін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (бұдан әрі - ІІМ) жылына екі рет ұсынады.

      ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мүгедектігі бар сотталғандарға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде олардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерінің сақталуына ведомстволық бақылау жүргізеді.

  Мүгедектігі бар, мекемелерде
жазасын өтеп жүрген және
күзетпен қамауда отырған
сотталғандарға техникалық
көмекші (компенсаторлық)
құралдар мен арнайы жүріп-тұру
құралдарын ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандарға ұсынылатын және өзімен бірге алып жүруге рұқсат етілген техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнайы жүріп-тұру құралдарының тізбесі

      Мүгедектігі бар, мекемелерде жазасын өтеп жүрген және күзетпен қамауда отырған сотталғандар мынадай заттар мен бұйымдарды өздерімен бірге алып жүре алады:

      1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:

      1) протездер;

      2) аппараттар, туторлар;

      3) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;

      4) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;

      5) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;

      6) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);

      7) аппараттарға арналған аяқ киім;

      8) жейде киюге арналған құрылғы;

      9) колготки киюге арналған құрылғы;

      10) шұлық киюге арналған құрылғы;

      11) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек).

      2. Сурдотехникалық құралдар:

      1) есту аппараттары;

      2) кохлеарлық импланттарға арналған сөйлеу процессорлары;

      3) дауыс шығаратын аппарат.

      3. Тифлотехникалық құралдар:

      1) тифлотаяқтар;

      2) Брайль жүйесі бойынша жазу құралы;

      3) Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi;

      4) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;

      5) сөз шығаратын термометр;

      6) сөз шығаратын тонометр;

      7) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;

      8) брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал;

      9) Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе;

      10) көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері.

      4. Жүрiп-тұрудың арнайы құралдары:

      1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;

      2) серуендеуге арналған кресло-арбалар.

      5. Міндетті гигиеналық құралдар:

      1) несеп қабылдағыштар;

      2) нәжіс қабылдағыштар;

      3) жөргектер;

      4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар);

      5) катетер;

      6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик;

      7) қорғаныш крем;

      8) сіңіргіш ұнтақ (опа);

      9) иісті бейтараптандырғыш;

      10) теріні тазартқыш;

      11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық.

  Мүгедектігі бар, Мекемелерде
жазасын өтеп жүрген және
күзетпен қамауда отырған
сотталғандарға техникалық
көмекші (компенсаторлық)
құралдар мен арнайы жүріп-тұру
құралдарын ұсыну қағидаларына
2-қосымша

Мүгедектігі бар сотталғандарды және оларға техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдарын беруді есепке алу журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2023 № 949 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Мекеме

Мүгедектік тобының болуы, мүгедектіктің себебі

Мүгедектіктің берілген күні және мерзімі

Қайта куәландыру күні

Жеке бағдарламаға сәйкес іс-шаралар

Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнайы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ету










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады