"Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 144-166 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 3 наурызда № 884 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Әкім

Ә. Жақсыбеков


"Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы"
Астана қаласы әкімдігінің қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына келтіру қажет.

      Осыған орай, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің осы қаулы жобасы дайындалды және әзірленді.

"Астана қаласының Экономика


және бюджеттік жоспарлау


басқармасы" ММ басшысы

Ж. Нұрпейісов


  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 114-166 қаулысына
қосымша

"Астана қаласының Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарма егер Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      Басқарманың құрылтайшысы Әкімдік (бұдан әрі – Әкімдік) болып табылады.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат саны лимиті шегінде Әкімдік белгілейді.

      9. Басқарманың мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Басқарманың толық атауы: "Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттіліктері

      14. Басқарманың миссиясы:

      Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, сондай-ақ орта мерзімді кезеңге жергілікті бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін және үш жылдық кезеңге арналған Астана қаласы бюджетінің жобасын жоспарлау болып табылады.

      15. Міндеттері:

      1) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;

      2) қаланың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді әдістемелік сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізу;

      3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Астана қаласын дамыту бағдарламасында көзделген стратегиялық нысаналы индикаторлар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      4) рейтингтік агенттіктермен қарым-қатынас бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

      5) Басқарманың бюджеттік бағдарламаларының жобасын әзірлеу және оның орындалуына мониторинг жүргізу;

      6) бес жылдық кезеңге арналған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

      7) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау негізінде үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттің параметрін әзірлеу;

      8) штат саны мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын, астананы басқару тәсімін әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) Басқарма қызметін қаржылық, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету;

      10) жетекшіліктегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің Астана қаласын дамыту бағдарламасының жобасын, оны мониторингілеуге, сондай-ақ іске асырылуына қатысу.

      16. Функциялары:

      1) қаланың әлеуметтік–экономикалық дамуына, жалпы қала экономикасын дамытуға әсер ететін сыртқы факторларға талдауды жүзеге асыру;

      2) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 5 жылға арналған болжамының жобасын әзірлеу;

      3) Астана қаласы Бюджет комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау;

      4) жылдық қаржыландыру жоспарын жасау және Астана қаласының бюджетін нақтылау және түзету барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыларды қарастыру, бағалау және дайындау;

      6) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы және бюджеттік көрсеткіштері негізінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің көлемін болжау;

      7) Астана қаласы мәслихатының 3 жылға арналған жергілікті бюджет туралы, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдерінің жобаларын, Астана қаласының бюджетін түзету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      8) Астана қаласы мәслихатының тиісті қаржы жылына арналған Астана қаласының бюджеті туралы шешімін іске асыру туралы Әкімдік қаулысының жобасын әзірлеу;

      9) Астана қаласында стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;

      10) басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін құру;

      11) Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы шеңберінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталын құру мен ұлғайтуға қатысу арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) мен бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;

      12) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыруды жүзеге асыру;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама өткізу;

      14) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты құру және Әкімдікке ұсыну;

      15) экономикалық, инвестициялық, бюджет және жергілікті атқарушы органдардың штат саны мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      16) Астана қаласының бес жылдық кезеңге арналған дамыту бағдарламасына, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстарды әзірлеу, мониторингілеу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      17) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті органдардың гранттарды тартуға арналған басымды тапсырыстарының тізбесін құру және орталық мемлекеттік органдарға ұсыну;

      18) жергілікті бюджеттік бағдарламаларды, жергілікті бюджеттік инвестициялар мен гранттарды іске асырудың тиімділігін (нәтижелілігін) бағалауды жүргізу;

      19) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      20) Астана қаласының аумағында санитарлық тазалау қызметтері жөніндегі тарифтерді келісу;

      21) Басқарма қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу үшін материалдар дайындау;

      22) Басқарма қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      23) жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін анықтау;

      24) бюджеттік комиссия жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      25) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарау;

      26) стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін қарау;

      27) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүзеге асыру;

      28) экономикалық дамыту бойынша қалаға халықаралық рейтинг беру бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру;

      29) мемлекеттік басқару органдарының штаттық сан лимиттеріне өзгерістер енгізу жөніндегі Астана қаласы әкімдігінің қаулыларын және жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестелеріне өзгерістер енгізу туралы Астана қаласы әкімінің өкімдерін әзірлеу;

      30) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық атқарушы органдардың, Астана қаласы әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау;

      31) бухгалтерлік есепті және есептілікті, кадрлық-құқықтық жұмыстарды, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізу;

      32) құқықтық және нормативтік-құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының жобаларын, сондай-ақ заң сипатындағы өзге де құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      33) концессиялық жобаларды қарау және келісу;

      34) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары сараптамасының оң қорытындысы негізінде коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша тізбе құру;

      35) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бұйрықтарының жобасын қарастыру және келісу;

      36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) қаланың даму мақсатын, басымдылығын және стратегиясын анықтау жөніндегі ұсыныстарды Әкімдікке енгізу;

      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды және мәліметтерді талап ету және алу;

      3) Астана қаласы дамуының стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін қабылданған актілерді жою немесе өзгерту мәселелері бойынша Әкімдікке ұсыныстар енгізу;

      4) Әкімдіктің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелері бойынша Әкімдікке ұсыныстар енгізу;

      5) консалтингтік қызметтерді жүзеге асыру үшін қазақстандық және шетелдік заңды және жеке тұлғаларды жұмысқа тарту;

      6) сараптама мен консультация өткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарту;

      7) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

      8) Басқарманың алдына қойған міндеттері мен функцияларын толық көлемде орындауды қамтамасыз ету;

      9) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      4) Өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;

      7) Басқарма жұмысының регламентін бекітеді;

      8) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      9) Басқарма қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға Басқарма басшысының бірінші қол қою құқығы бар;

      10) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөнінде шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады.

      Басқарма Басшысы болмаған кезеңде оның міндеттерін Басқарманың қызметін үйлестіретін, оған басшы жүктеген өзге де міндеттерді орындайтын орынбасарларының бірі атқарады.

      22. Басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың мүлкі коммуналдық меншікке жатады және ол оған жедел басқару құқығында тиесілі.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. Басқарма бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастырған немесе таратқан жағдайда мүлікті қайта бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады