Астана қаласының қалалық және қала маңы бағдарларында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтері туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 108-1759 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 22 қазанда № 956 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.06.2018 № 503-1230 (Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі ) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 1 және 2 тармақтарына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабының 2, 3, 4 және 5 тармақтарына және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 15 мамырдағы № 581 бұйрығына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы бойынша жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау бағдарларына мынадай тарифтер белгіленсін:

      дағдылы тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау – 90 (тоқсан) теңге;

      экспресс тәртіпте жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау – 150 (жүз елу) теңге.

      тұрақты әлеуметтік мәні бар жолаушылар тасымалдарына 90 (тоқсан) теңге.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 31.05.2016 № 108-1100 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Астана қаласының қала маңы бағытында жолаушылар мен багажды тасымалдауға 1 километрге 6,6 теңге тарифі бекітілсін.

      3. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Н.Р. Әлиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркеуді өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы әкімінің


міндетін атқарушы

С. Хорошун


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады