Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 5С 31/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 4700 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 5С 36/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 15.01.2016 № 5С 36/3 (қол қойылған күннен бастап күшіне еніп және қолданысқа енгізіледі)шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясынын төрағасы                       Исмағұлов Б.Қ.

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

      «Келісілді»

      Атбасар ауданының әкімі                    А.Н.Никишов
      9 ақпан 2015 жыл

      «Қазақстан Республикасы Қаржы
      министрлігі Мемлекеттік кірістер
      комитеті Мемлекеттік кірістер
      департаменттерінің Атбасар
      ауданы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы» Республикалық
      мемлекеттік мекеме басшысы                 Б.Ж.Үсембаев
      9 ақпан 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады