"Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № А-1/359 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 шілдеде № 4888 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № А-1/81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 19.02.2016 № А-1/81 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына және 238 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдар тізбесін келісу туралы" Зеренді аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 36-312 шешіміне сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметші болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесін айқындау туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 135 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4072 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 сәуірінде "Зерен" және "Зерделі Зеренді" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулының қосымшасындағы 2 тармақтың 6) тармақшасында "есепші" деген сөз алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зеренді аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "29" 06 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады