"Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 177 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 шілдеде № 4418 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 06.03.2020 № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Заңының 16 - бабы 3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Н.Есқалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

      Облыс әкімі А.Мұхамбетов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 177 қаулысымен бекітілген

"Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 03.03.2016 № 85 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электронды түрде (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлікті, өздігімен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәліктің телнұсқасын қағаз түрінде беру (бұдан әрі - куәлік), немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағымен көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуына қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
      куәлік алу кезінде: Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
      куәліктің телнұсқасын алу кезінде: Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес қажетті өтініш;
      Порталға жүгінген кезде: электрондық сұраныс негіз болып табылады.
      Құжаттарды қабылдау Стандарттың 9-тармағына сәйкес іске асырылады.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 03.03.2016 № 85 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті беруші бөлімнің басшысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

4. Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет жасау, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйені қолдану тәртібінің сипаттамасы

      Ескерту. 4-тараудың атауы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 03.03.2016 № 85 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).
      6. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік корпорация операторына қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
      2) 1- үдеріс - қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторы Мемлекеттік корпорацияның Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді (авторизациялау үдерісі) енгізу;
      3) 2 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын таңдау, экранға шығару және Мемлекеттік корпорация операторымен қызмет алушының деректерін, сондай-ақ сенімхат бойынша қызметті алушы өкілінің (нотариалды куәландырылған сенімхат болғанда немесе сенімхатты өзге де куәландыру кезінде – сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды) деректерін енгізу;
      4) 3 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері туралы сұранысты жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры/заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ) арқылы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхатының мәліметтері туралы Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) жіберу;
      5) 1 - шарт – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің және БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің болуын тексеруі;
      6) 4 - үдеріс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің және БНАЖ-де сенімхат мәліметтерінің болмауына байланысты мәліметтер алу мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;
      7) 5-үдеріс – МК ЫАЖ арқылы Мемлекеттік корпорация операторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) "Е – лицензиялау" мемлекеттік деректер қорының автоматтандырылған жұмыс орны ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖО АЖ) жіберу.
      Ескерту. 6 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 03.03.2016 № 85 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).
      7. Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
      1) 6 - үдеріс –электрондық құжатты ЕЛ МДҚ АЖО АЖ – да тіркеу;
      2) 2 - шарт –көрсетілетін қызметті берушінің қызмет алушы ұсынған Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың сәйкестігін және қызмет көрсету үшін негізді тексеруі (өңдеуі);
      3) 7 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      4) 8 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ХҚКО арқылы ЕЛ МДҚ АЖО АЖ қалыптастырған қызмет нәтижесін алуы (өздігінен жүретін шағын көлемдi кемелердi жүргізу құқығына куәлiктер беру, немесе бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап алуы).
      Ескерту. 7 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысының әкімдігінің 03.03.2016 № 85 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).
      8. Мемлекеттік қызметті Портал арқылы көрсеткен кездегі өтініш беру тәртібінің сипаттамасы:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен (Порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады) Порталда тіркеуді жүзеге асырады;
      2) 1 - үдеріс – қызмет алушының көрсетілетін қызметті алу үшін Порталда ЖСН/БСН мен паролін енгізуі (авторизациялау үдерісі);
      3) 1 - шарт – Порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтердің түпнұсқалығын ЖСН/БСН мен пароль арқылы тексеруі;
      4) 2 - үдеріс – Порталда көрсетілетін қызметті алушының мәліметтеріндегі бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұраныс нысанын шығару және қызмет алушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптар есебімен толтыруы (мәліметтерді енгізу), сұраныс нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың қажетті көшірмелерін электрондық түрде бекіту, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін қызмет көрсетушінің ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      6) 2 - шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін тексеруі;
      7) 4 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауымен байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5 - үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің сұранысты өңдеуі үшін ЕЛ МДҚ АЖО АЖ ЕЛ МДҚ АЖ арқылы қызмет алушының куәландырылған (қол қойылған) ЭЦҚ электрондық құжатын (қызмет алушының сұранысы) жіберу;
      9) 3 - шарт – көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың және қызмет көрсету үшін негіздің сәйкестігін тексеруі;
      10) 6 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарындағы бұзушылықтарға байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      11) 7 - үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының Портал қалыптастырған көрсетілетін қызмет нәтижелерін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында қызмет алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі.
      Портал арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, жұмылдырылған ақпараттық жүйемен функционалдық әрекеттесуі, осы регламенттің 1-қосымшасындағы диаграммамен көрсетілген.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет–ресурсында орналастырылады.
      Ескерту. 9 тармақ жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 03.03.2016 № 85 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).

  "Өздігінен жүретін шағын
көлемдi кемелердi жүргізу
құқығына куәлiктер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы көрсеткен кезінде жұмылдырылған ақпараттық жүйемен функционалды әрекеттесу диаграммасы


  "Өздігінен жүретін шағын
көлемдi кемелердi жүргізу
құқығына куәлiктер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 03.03.2016 № 85 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз).
     


     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады