"Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 270 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 шілдеде № 4439 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 19.01.2016 № 14 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 145 "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесінде:
      19-тармақта "22-дан 33 балға дейін – "қанағаттанарлық"," деген сөздер "21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық"," деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. "Ақтөбе облысы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы К.В. Петровқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннең соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А.Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады