Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір актілері туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 14 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 14 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 369 "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" қаулысы (нормативтік- құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3721 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2014 жылғы 7 қаңтарда жариялаған);
      2. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 145 "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 23 маусымда жариялаған);
      3. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 270 "Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4439 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 30 шілдеде жариялаған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады