"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 171 аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 06 мамырдағы № 290 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 мамырда № 4333 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 02 наурыздағы № 406 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 02.03.2016 № 406 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 171 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3761 тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда аудандық "Қарғалы" газетінде жарияланған) шешімінің 2 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      "2. Ай сайын көрсетілсін :
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін сегіз мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек;
      2) "Қарғалы аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған тізімдерге сәйкес үйден оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға үш мың теңге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек".
       Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихат
      сессия төрағасы хатшысы
      Н.Смолинец Х.Жылқыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады