Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 180 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 шілдеде № 4429 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 66 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 10.03.2017 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.03.2016 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Қоса беріліп отырған Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       Мәртөк аудандық мәслихатының сессия төрағасы А. Аткиев
      Мәртөк аудандық мәслихатының хатшысы А. Исмагулов

  2015 жылғы 10 маусымдағы № 180 Мәртөк аудандық мәслихатының шешімімен бекітілген

Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау
Қағидалары

      Осы Қағидалары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін аңықтайды.
      Ескерту. Қағидаларының кіріспесіне өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.03.2016 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      4) алып тасталды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.03.2016 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5) алып тасталды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.03.2016 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Мәртөк ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер (газбен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, сумен жабдықтау, қоқыстарды шығару) мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жалға алған тұрғын үйді пайдалануға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерді тұтынуға, шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматының) жиынтық табысынан оң пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      4 Тұрғын үй көмегі:
      1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;
      2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға;
      3) жеке меншігінде бір тұрғын жай бірлігінен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тағайындалмайды.
      5. Алып тасталды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.03.2016 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      6. Отбасының (азаматтың) қоса берiлетiн құжаттарымен бiрге өтiнiшi негiзiнде тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.03.2016 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Қажет болған жағдайда, тұрғын үй көмегін көрсетуге шешім қабылдау үшін сәйкес уәкілетті органдардан мәлімет сұрастырады.
      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау жолыққан айынан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейiнгi мерзiмде жүргiзiледi. Жолығу айы деп өтiнiш тапсырған ай есептеледi.
      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.03.2016 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн мерзімде уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын, есептеу тәртібі, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығының негізінде есептейледі.
      11. Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      12. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, олармен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) белгілеген кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
      13. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсету мекемелері ұсынады.

3. Қаржыландыру және төлеу

      14. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      15. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.

4. Қорытынды

      16. Алып тасталды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 02.03.2016 № 238 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мартукском районе

Решение Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 10 июня 2015 года № 180. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 10 июля 2015 года № 4429. Утратило силу решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 10 марта 2017 года № 66

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 10.03.2017 № 66 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года № 94 "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" Мартукский районный маслихат РЕШИЛ:
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 02.03.2016 № 238 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. Утвердить прилагаемые Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мартукском районе.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Мартукского районного маслихата А. Аткиев
      Секретарь Мартукского районного маслихата А. Исмагулов

  Утверждены решением Мартукского районного маслихата от 10 июня 2015 года № 180

Правила
определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мартукском районе

      Настоящие Правила разработаны в соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года № 94 "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи.
      Сноска. Преамбула правил с изменениями, внесенными решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 02.03.2016 № 238 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

1. Общие положения

      1. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) доля предельно-допустимых расходов - отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      2) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      3) уполномоченный орган – государственное учреждение "Мартукский районный отдел занятости и социальных программ", финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий назначение жилищной помощи;
      4) исключен решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 02.03.2016 № 238 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      5) исключен решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 02.03.2016 № 238 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6) малообеспеченные семьи (граждане) - лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получение жилищной помощи;
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Мартукском районе, на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг (газоснабжение, электроснабжение, водоснабжение, мусороудаление) и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан).
      Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) на содержание жилого дома (жилого здания), на арендную плату за пользование жилищем, на потребления коммунальных услуг, а также на услуги связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, к совокупному доходу семьи (гражданина) в размере десяти процентов.
      4. Жилищная помощь не назначается:
      1) безработным не зарегистрированным в уполномоченном органе по вопросам занятости и трудоспособным гражданам, письменно отказавшимся от участия в активных мерах содействия занятости, кроме инвалидов и лиц, в период их нахождения на стационарном лечении более одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов очной формы обучения, а также граждан, занятых уходом за инвалидами І и ІІ группы, лицами старше восьмидесяти лет, детьми в возрасте до трех лет;
      2) безработным, без уважительных причин отказавшимся от предложенного уполномоченным органом трудоустройства, в том числе на социальное рабочее место или общественную работу, от профессиональной подготовки, переподготовки, повышение квалификации, самовольно прекратившим участие в таких работах и обучении;
      3) семьям (гражданам), имеющим в частной собственности более одной единицы жилья или сдающим жилище в наем или поднаем.
      5. Исключен решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 02.03.2016 № 238 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок назначения жилищной помощи

      6. Жилищная помощь назначается на основе заявления семьи (гражданина) с прилагаемыми документами.
      Сноска. Пункт 6 – в редакции решения маслихата Мартукского района Актюбинской области от 02.03.2016 № 238 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. В случае необходимости, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для принятия решения о назначении жилищной помощи.
      8. Назначение жилищной помощи осуществляется с месяца обращения на срок до конца текущего квартала. Месяцем обращения считается месяц подачи заявления.
      Сноска. Пункт 8 – в редакции решения маслихата Мартукского района Актюбинской области от 02.03.2016 № 238 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      9. Получатели жилищной помощи в течении пятнадцати календарных дней извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.
      10. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи рассчитывается на основании Приказа Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде".
      11. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством.
      12. Нормы потребления коммунальных услуг эквивалентны нормам отпуска коммунальных услуг, применяемых территориальным уполномоченным органом по регулированию естественных монополий (монополистической деятельности), при установлении ими тарифов (цен) на оказываемые услуги.
      13. Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.

3. Финансирование и выплата

      14. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на соответствующий финансовый год.
      15. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

4. Заключение

      16. Исключен решением маслихата Мартукского района Актюбинской области от 02.03.2016 № 238 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).