"Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 10 маусымдағы № 180 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 238 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 сәуірде № 4845 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 66 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 10.03.2017 № 66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 180 "Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 4429, 2015 жылғы 23 шілдеде "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің кіріспе бөлігінде (кіріспеде), сондай-ақ Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларының мәтінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына" деген сөздер алып тасталсын;
      Мәртөк ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидаларында:
      1 тармақта:
      4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      5 тармақ алып тасталсын;
      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "6. Отбасының (азаматтың) қоса берiлетiн құжаттарымен бiрге өтiнiшi негiзiнде тұрғын үй көмегі тағайындалады.";
      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау жолыққан айынан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейiнгi мерзiмде жүргiзiледi. Жолығу айы деп өтiнiш тапсырған ай есептеледi.";
      4 тарау және 16 тармақ алып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Мәртөк аудандық мәслихаттың сессия төрайымы Н. Оспанова
      Мәртөк аудандық мәслихат хатшысы А. Исмагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады