"Тассай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тассай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте № 4517 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулуар енгізу туралы" Конституциялық заңына сәйкес, Тассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тассай ауылдық округі әкімінің "Тассай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-72 тіркелген, 2008 жылғы 18 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің мемлекеттік тіліндегі деректемелері, атауы және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі тиісінше, "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қантардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2. бөлігіне және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 255 "Мекенжай Тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрлымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" қаулысына" сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Тассай ауылдық округінің әкімі

Е.Абдиров

   

О внесении изменений в решение от 11 декабря 2008 года № 05 "Тассай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"

Решение акима Тассайского сельского округа Хромтауского района Актюбинской области от 17 августа 2015 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 17 сентября 2015 года № 4517

      В соответствии со статьей 35 Закон Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Конституционным законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года "О внесении изменений и дополнений в Конституционный закон Республики Казахстан и в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм, способствующих совершению коррупционных правонарушений, аким Тассайского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Внести в решение на государственном языке акима Тассайского сельского округа на государственном языке от 11 декабря 2008 года № 05 "Тассай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-12-72, опубликованное 18 декабря 2008 года в районной газете "Хромтау") следующие изменения:
      в реквизитах, заголовке и по всему тексту указанного решения на государственном языке слова "селолық" заменить соответственно словом "ауылдық";
      в преамбуле указанного решения на государственном языке слова ", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қантардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2. бөлігіне және Ақтөбе облысы әкімінің 2007 жылғы 24 шілдедегі № 255 "Мекенжай Тіркеліміне тіркеу тәртібі және мекенжай құрлымы жөніндегі Ереже бекіту туралы" қаулысына" исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Аким Тассайского сельского округа

Е.Абдиров