Шалқар қаласының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 бірлескен қаулысы және Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 254 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 02 ақпанда № 4732 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 14 қазандағы № 2 қорытындысы негізінде, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауданының Шалқар қаласындағы атаусыз көшелеріне қосымшаға сәйкес атаулар берілсін.
      2. Осы Шалқар аудандық әкімдігінің және Шалқар аудандық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Данағұлов
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Г. Сейтова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С. Тулемисов

  Шалқар аудандық әкімдігінің және Шалқар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 254/293 бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша

Шалқар ауданы, Шалқар қаласының атаусыз көшелеріне берілген атаулар

      1) № 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29 жер учаскелерінде үйлер орналасқан атаусыз көшеге - Нұрмұхан Кенжебаевтың есімі;
      2) № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 жер учаскелерінде үйлер орналасқан атаусыз көшеге - Жоламан Тәжібаевтың есімі;
      3) № 220, 221, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 266, 267, 268, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281, 282, 283, 284, 285, 286, 287, 288, 289, 290, 291, 292, 293 жер учаскелерінде үйлер орналасқан атаусыз көшеге - Елеукен Жоламановтың есімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады