Субсидиялар нормативтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 305 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 21 шілдеде № 3294 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 02 қыркүйектегі № 453 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы әкімдігінің 02.09.2016 № 453 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Қағидаларының 4 және 5-тармақтарына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілсін:
      жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
      жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес;
      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері осы қаулының 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес.
      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е. Шинтуринов) субсидиялауды қаржыландыруды жергілікті бюджеттен жүзеге асырсын.
      3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген интернет – ресурста және облыс әкімдігінің интернет – ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы облысының әкімі А. Баталов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 1- қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
2800

Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
854

      

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 2-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтарда ірі қара малдың және қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуді субсидиялау бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар

      1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының" (бұдан әрі - Қағидалар) 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың және қойдың бір аналық мал басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі шығындарды есептеу-анықтамасы.
      3. Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұрықтандырылған ірі қара малдың және қойдың аналық мал басын ұрықтандыру туралы актінің және ұрықтанған ірі қара малдың аналық басын тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
      4. Отандық асылдандыру орталығынан (асылдандыру орталықтарына таратылмайды) ірі қара малдың аналық мал басына ұрық сатып алуға шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі.

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 3-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативте рі (теңге)
Субсидияланатын көлем (бас)
Субсидия сомасы (мың теңге)
Ірі қара мал шаруашылығы
1. 
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
2800
147 500
413 000,0
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы
бас
18 000
79 000
1 422 000,0
2)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас
20 000
26 500
530 000,0
3)
жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу
бас
104 000
121
12 584,0
2.
Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)
отандық асыл тұқымды ірі қара мал
бас
154 000
2 800
431 200,0
2)
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан және Канададан)
бас
200 000
3 685
737 000,0
3)
импортталған асыл тұқымды селекциялық ірі қара мал
бас
118 000
60
7 080,0
Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу
1)
асыл тұқымды ірі қара малдың аналық мал басы
бас
20 000
5 000
100 000,0
2.
Асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу
 
 
 
 
1)
импортталған асыл тұқымды ірі қара мал (Австралиядан, АҚШ-тан, Канададан)
бас
235 000
1 345
316 075,0
Қой шаруашылығы
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда қойлардың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
854
250 000
213 500,0
2.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған аналық қой басы
бас
1 500
287 993
431 990,0
2)
асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымдық аналық қой басы
бас
1 500
104 340
156 510,0
3.
Асыл тұқымды тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу
бас
8 000
6 720
53 760,0
Жылқы шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу
бас
40 000
1 150
46 000,0
Барлығы
4 870 699,0

      

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 4-қосымша

Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге)
Субсидия ланатын көлем (бас)
Субсидия сомасы (мың теңге)
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
1.
Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату:
4 290,0
727 500,0
1)
1-деңгей
килограмм
300
740,0
222 000,0
2)
2-деңгей
килограмм
170
2 150,0
365 500,0
3)
3-деңгей
килограмм
100
1 400,0
140 000,0
2.
Бұқашықтарды субсидиялаудың бірінші деңгейіндегі бордақылау алаңдарына немесе операторға өткізу
бас
24 000
3 000,0
72 000,0
Сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
1.
Сүт өндірісінің құнын арзандату:
32 870,0
661 200,0
1)
1-деңгей
килограмм
25
22 000,0
550 000,0
2)
2-деңгей
килограмм
15
500,0
7 500,0
3)
3-деңгей
килограмм
10
10 370,0
103 700,0
Етті бағыттағы құс шаруашылығы
1.
Құс еті өндірісінің құнын арзандату:
44 663,0
3 095 260,0
1)
1-деңгей
килограмм
70
36 863,0
2 580 460,0
2)
2-деңгей
килограмм
66
7 800,0
514 800,0
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату:
526 682,7
1 533 712,0
1)
1-деңгей
дана
3
410 842,7
1 232 528,0
2)
2-деңгей
дана
2,6
115 840,0
301 184,0
Шошқа шаруашылығы 
1.
Шошқа еті өндірісінің құынын арзандату
килограмм
98
5 436,0
532 728,0
Қой шаруашылығы
1.
Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату
425,0
62 503,0
 1)
1-деңгей
килограмм
200
200,0
40 000,0
 2)
2-деңгей
килограмм
100
225,0
22 503,0
2.
Биязы жүні өндірісінің құнын арзандату
килограмм
130
937,0
121 810,0
Жылқы шаруашылығы
1.
Өндірісінің құнын арзандату:
1)
жылқы еті
килограмм
92
585,0
53 820,0
2)
қымыз
килограмм
60
1 700,0
102 000,00
Түйе шаруашылығы
1.
Өндірісінің құнын арзандату:
1)
түйе еті
килограмм
90
150,0
13 500,0
2)
шұбат
килограмм
55
700,0
38 500,0
Барлығы
7 014 533,0

      

  Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы "13" шілдедегі № 305 қаулысына 5-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды және мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері


Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері (теңге)
Субсидияланатын көлем
Субсидиялар сомасы (мың теңге)
 
Етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды және селекциялық жұмысты жүргізу
 
 
 
1)
тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық мал басы
бас
18 000,0
10 783,0
194 087,0
 
Етті бағыттағы құс шаруашылығы
1.
Құс еті өндірісінің құнын арзандату
 
 
 
1)
1 деңгей
килограмм
70,0
7 506,0
525 445,0
 
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату:
 
244 370,0
721 527,0
1)
1 деңгей
дана
3,0
215 410,0
646 231,0
2)
2 деңгей
дана
2,6
28 960,0
75 296,0
 
Барлығы:
 
 
 
1 441 059,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады