Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 322 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 01 шілдеде № 3252 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 20.04.2016 № 16 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Талдықорған қалалық мәслихатының 2007 жылғы 6 наурыздағы № 357 "Жер салығын қамтамасыз ету мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешімімен бекітілген Талдықорған қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде, жер салығының мөлшерлемелерін, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен қосымшаға сәйкес жоғарылатылсын.
      2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2013 жылғы 05 маусымдағы "Жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" № 133 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 17 шілдесінде № 2414 тіркелген, "Талдықорған" газетінде 2013 жылғы 26 шілдесінде № 30 (1236) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Талдықорған қалалық мәслихатының аппарат басшысы Биғожанов Тимур Қапасұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Экономика, қаржы мәселелері және бюджет жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс ХХХХХ сессияның төрағасы Ә. Алпысбаев
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Бопазов

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 322 шешіміне қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жоғарылатылған жер салығының мөлшерлемелері

Аймақтың нөмірі

Жер салығының мөлшерлемелерінің жоғарылату (+) пайызы

I

+10

II

+20

III

+30

IV

+40


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады