"Панфилов ауданының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 113 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 27 наурызда № 3114 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 439 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 19.08.2016 № 439 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Панфилов ауданының Ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Аскар Джумахановичке жүктелсін.
      Аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Аскар Джумахановичке осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Абдулдаев

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 113 қаулысымен бекітілген қосымша

"Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Алматы облысы Панфилов ауданының аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041300, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Иванов көшесі, № 94.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Алматы облысы Панфилов ауданының аумағында ветеринария саласындағы мемлекеттiк басқару функцияларын іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
      2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      4) Панфилов ауданының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
      16. Функциялары:
      1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      2) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
      3) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығын қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өндеу;
      4) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      5) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      6) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      7) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      8) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      9) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
      10) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      11) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      12) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      13) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      14) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
      3) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
      4) "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
      5) "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Панфилов ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;
      2) "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Панфилов ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
      Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы ветеринариялық пункттері бар "Ветеринариялық станциясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады