"Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 10-277 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 25 қарашада № 3584 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 04 қыркүйектегі № 412 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімдігінің 04.09.2018 № 412 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұйғыр ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Сүмбе ауылдық округінің әкімі Митанов Бақытжан Туякбаевичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Исламов Султан Турсуновичке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Тохтасунов

  Ұйғыр ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 10 - 277 қаулысымен бекітілген қосымша

"Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      7. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 041807, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылы, Намазбаев көшесі, № 21.
      9. Мемлекеттiк органның толық атауы-"Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттiк мекемесi.
      10. Осы Ереже "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      13. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Мiндеттерi: Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
      2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдесу;
      3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
      6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
      7) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
      8) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
      9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
      10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
      11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру;
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
      2) оперативті басқару құқығына қарсы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
      3)жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметiн ұйымдастыру

      17. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
      18. Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округінің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің орынбасарлары жоқ.
      20. Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің өкілеттілігі:
      1) "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыры шегінде айқындайды;
      2) "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
      3) "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
      4) өз құзыреті шегінде шешімдер мен өкімдер шығарады;
      5) мемлекеттік органдармен өзгеде ұйымдарда өз құзыреті шегінде "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      21. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      22. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ұйғыр ауданының Сүмбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады