"2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №343 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 229 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қазанда № 2810 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекiтiлген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесiне" сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       "2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Сарысу ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2482 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпандағы № 13 аудандық "Сарысу" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныстың:
      қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бағанасындағы "50 000" деген сандар "32 046" деген сандармен ауыстырылсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлына жүктелсін.
       Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2015 жылдың 1 қыркүйегінен туындайтын қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Б. Жайлыбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Жамбыл облысының Ішкі істер
департаментінің Сарысу ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______________Қ. Қапаров
28 қыркүйек 2015 жыл
       "Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігінің Жамбыл облысы Жаңатас
қаласының Қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі" республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Е. Бахтияров
28 қыркүйек 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады