Сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 54 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 наурызда № 2544 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт жүргізу науқанын өткізу мақсатында, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Төленді Санақұлы Ботабековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қордай аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
С.Ж. Тұрғынбай
"09" ақпан 2015 жылы

  Қордай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "09" ақпандағы
№54 қаулысына қосымша

Сайлау өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Қордай аудандық әкімшілігінің 16.03.2015 № 117 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ Р/с
Елдi мекеннiң атауы
Сайлаушылармен кездесу өткізілетін орындары
1.
Қасық ауылдық округі Қасық ауылы
Домалақ ана көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
2.
Степной ауылдық округі Степной ауылы
Школьная көшесі, 7 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық округі әкімінің ғимаратының ғимараты.
3.
Жамбыл ауылдық округі Жамбыл ауылы
Гагарин көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
4.
Бетқайнар ауылдық округі Бетқайнар ауылы
Қазақстан көшесі, 69 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
5.
Қақпатас ауылдық округі
Қақпатас ауылы
Д.Қонаев көшесі, 27 мекенжайы бойынша орналасқан "Қақпатас Қордай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимараты.
6.
Сарыбұлақ ауылдық округі Сарыбұлақ ауылы
Тайчибеков көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
7.
Отар ауылдық округі
Отар ауылы
Д.Қонаев көшесі, 45 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық аурухананың ғимараты.
8.
Кенен ауылдық округі
Кенен ауылы
К.Әзірбаев көшесі, 24 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
9.
Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі Үлкен-Сұлутөр ауылы
Құттықадамбаев көшесі, 90 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
10.
Сұлутөр ауылдық округі
Сұлутөр ауылы
Әтішұлы көшесі, нөмірі жоқ мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
11.
Ноғайбай ауылдық округі Ноғайбай ауылы
Б.Момышұлы көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан ауыл шаруашылық колледжінің ғимараты.
12.
Алға ауылдық округі
Алға ауылы
Алдабергенов көшесі, 95 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық округі әкімінің ғимараты.
13.
Қарасай ауылдық округі
Қарасай ауылы
Ж.Турабай көшесі, 67 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық клубының ғимараты.
14.
Сортөбе ауылдық округі
Сортөбе ауылы
Ленин көшесі, 159 "б" мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
15.
Қаракемер ауылдық округі
Қаракемер ауылы
Д.Қонаев көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
16.
Масаншы ауылдық округі
Масаншы ауылы
Ленин көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан №12 орта мектептің ғимараты.
17.
Ауқатты ауылдық округі
Ауқатты ауылы
Школьная көшесі, 2 "б" мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.
18.
Қарасу ауылдық округі
Қарасу ауылы
Школьная көшесі, 10 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық клубының ғимараты.
19.
Қордай ауылдық округі
Қордай ауылы
Центральная көшесі, 19 мекен-жайы бойынша орналасқан Цемзауыт ауылдық мәдениет үйі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады