Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 137 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қыркүйекте № 3417 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 "Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.
      2. "Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Қарағанды облысының әділет департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындаған өзге де шаралар қабылдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Джанабергеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

      Қаражал қаласының әкімі

Қ. Шорманбаев



Қаражал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 137 қаулысына қосымша

Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер


 

Критерийлер атауы
 

Иеліктен айыру түрі
 

1
 

Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды).
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
 

сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу
 

2
 

Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі.
Объектіні барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттілігі.
 

сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу
 

3
 

Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау.
 

тікелей атаулы сатылым
 

4
 

Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
Шетелдік инвесторларды қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
 

сауда-саттықты қор биржасында өткізу
 

5
 

Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі.
 

туынды бағалы қағаздарды сату
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады