Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 наурыздағы N 51 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда N 4913 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңына сәйкес Қазалы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Қосымшаға сәйкес Қазалы аудандық сайлау комиссиясымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiленсiн.
      Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті және ауылдық округ әкiмдерi үгiттiк баспа материалдарын орналастыру орындарын стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жабдықтасын.
      Қазалы ауданы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 11 қыркүйектегi "Үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар белгiлеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4775 санымен тіркелген, 2014 жылғы 8 қарашада "Тұран Қазалы" газетінде жарияланған) № 340 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      Қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкiмiнiң орынбасары Ғ.Бәймiшевке жүктелсiн.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Б.Жарылқап
      "КЕЛIСIЛДІ"
Қазалы аудандық сайлау комиссиясы
төрағасының міндетін атқарушы
М.Әбубәкір__________________
"4" наурыз 2015 жыл

  Қазалы ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "4" наурыздағы
№ 51 қаулысына қосымша

Барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 30.05.2022 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елдi мекеннiң атауы

Орналасқан жерi

1

Әйтеке би кентi

Әйтеке би көшесi № 50 мекен-жайында орналасқан Әйтеке би кенті әкімі аппаратының "Кенттiк клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

2

Әйтеке би кенті

Әйтеке би көшесіндегі темір жол вокзалына қарама-қарсы

3

Әйтеке би кенті

Жанқожа Нұрмұхаммедұлы көшесі № 126 А мекен-жайында орналасқан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қазалы аудандық бөлімі ғимаратына қарама-қарсы

4

Әйтеке би кенті

Қашақбай Пірімов көшесіндегі "Жеңіс" саябағына қарама-қарсы

5

Әйтеке би кенті

Қашақбай Пірімов көшесінің бойындағы "Әйтеке би кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында

6

Әйтеке би кенті

Қашақбай Пірімов көшесінің бойындағы орталық алаңға қарама-қарсы

7

Қазалы қаласы

Үрмаш Түктiбаев көшесi № 43 А мекен-жайында орналасқан Қазалы қаласы әкімі аппаратының "Қалалық мәдениет Үйi" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

8

Қазалы қаласы

Жалаңтөс батыр көшесіндегі Ардагерлер алаңына қарама-қарсы

9

Майлыбас ауылдық округінің Ақсуат ауылы

Аманкелдi көшесi № 21 мекен-жайында орналасқан Майлыбас ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақсуат ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

10

Майлыбас ауылдық округiнiң Байқожа станциясы

Жалғасбек Байділдаев көшесі №64 мекен-жайында орналасқан "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданының білім бөлімінің №258 негiзгi мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

11

Майлыбас ауылдық округiнiң Майлыбас станциясы

Майлыбас көшесі № 8 мекен-жайында орналасқан "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №100 орта мектебіне қарасты "Майлыбас" бастауыш сыныбы" ғимаратына қарама-қарсы

12

Өркендеу ауылдық округінің Жанкент ауылы

Қорқыт Ата көшесi № 23 мекен-жайында орналасқан Өркендеу ауылдық округі әкімі аппаратының "Өркендеу ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

13

Сарыкөл ауылдық округiнiң Абай ауылы

Зейнулла Шыраев көшесi №4 мекен-жайында орналасқан Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының "Абай ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

14

Арықбалық ауылдық округiнiң Жанқожа батыр ауылы

Әйтеке би көшесi № 33 мекен-жайында орналасқан Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының "Жанқожа батыр ауылдық мәдениет Үйi" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

15

Аранды ауылдық округiнiң Қожабақы ауылы

Темірбай Емешұлы көшесi № 28 мекен-жайында орналасқан Аранды ауылдық округі әкімі аппаратының "Қожабақы ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

16

Аранды ауылдық округiнiң Аранды ауылы

Өтжан Нұрымбетұлы көшесi бойындағы медициналық пунктке қарама-қарсы

17

Майдакөл ауылдық округiнiң Бекарыстан би ауылы

Е.Тiлеубаев көшесi № 19 мекен-жайында орналасқан Майдакөл ауылдық округі әкімі аппаратының "Бекарыстан би ауылдық мәдениет Үйi" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

18

Бозкөл ауылдық округiнiң Бозкөл ауылы

Қожали Өтепбергенов көшесi бойындағы аялдамаға қарама-қарсы

19

Қарашеңгел ауылдық округiнiң Жалаңтөс батыр ауылы

Әбнағи Ыбыраев көшесi № 18 мекен-жайында орналасқан "Жалаңтөс батыр ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

20

Алға ауылдық округiнiң Түктiбаев ауылы

Байжігіт Әбдіразақов көшесі № 49 мекен-жайында орналасқан Алға ауылдық округі әкімі аппаратының "Үрмәш Түктібаев ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

21

Көларық ауылдық округiнiң Ақтан батыр ауылы

Ақтан Батыр көшесi № 3 мекен-жайында орналасқан Көларық ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақтан батыр ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

22

Басықара ауылдық округiнiң Басықара ауылы

Кәдірбай Есенов көшесi бойындағы "Мадияр" сауда дүкеніне қарама-қарсы

23

Құмжиек ауылдық округiнiң Қ.Пiрiмов ауылы

Ғани Мұратбаев көшесi № 37 А мекен-жайында орналасқан Құмжиек ауылдық округі әкімі аппаратының "Қ.Пірімов ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

24

Қызылқұм ауылдық округiнiң Кәукей ауылы

Ғани Мұратбаев көшесi № 14 мекен-жайында орналасқан Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының "Кәукей ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

25

Қызылқұм ауылдық округiнiң Ажар ауылы

Ажар көшесі № 14 мекен-жайында орналасқан "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №146 негiзгi мектебi" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

26

Ғани Мұратбаев ауылдық округiнiң Мұратбаев ауылы

Ғани Мұратбаев көшесi № 7 мекен-жайында орналасқан Ғани Мұратбаев ауылдық округі әкімі аппаратының "Ғ.Мұратбаев ауылдық мәдениет Үйi" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

27

Ақжона ауылдық округiнiң Майдакөл ауылы

Орталық көшесi № 29 мекен-жайында орналасқан Ақжона ауылдық округі әкімі аппаратының "Майдакөл ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

28

Бiрлiк ауылдық округiнiң Бiрлiк ауылы

Тәуелсiздiк көшесi № 45 мекен-жайында орналасқан Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының "Бірлік ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

29

Шәкен ауылдық округiнiң Шәкен ауылы

Шәкен көшесі нөмірсіз мекен-жайында орналасқан Шәкен ауылдық округі әкімі аппаратының "Шәкен ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

30

Сарбұлақ ауылдық округiнiң Сарбұлақ ауылы

Сарбұлақ көшесі № 61 мекен-жайында орналасқан Сарбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының "Сарбұлақ ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

31

Тасарық ауылдық округiнiң Тасарық ауылы

Тасарық көшесі № 32 мекен-жайында орналасқан Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының "Тасарық ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы

32

Тасарық ауылдық округiнiң Лақалы ауылы

Лақалы көшесі № 51 мекен-жайында орналасқан Тасарық ауылдық округі әкімі аппаратының "Лақалы ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады