Сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 23 ақпандағы N 52 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 наурызда N 4894 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қармақшы ауданы бойынша сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары А. Қаржаубаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Ә. Қошалақов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Қармақшы аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      ____________Ә. Құлдүйсенов
      "23" ақпан 2015 жыл

  Қармақшы ауданы әкімінің 2015
жылғы "23" ақпандағы №52
шешіміне қосымша

Қармақшы ауданы бойынша сайлау учаскелері

      № 94 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Жосалы кенті, Т.Ізтілеуов көшесі, №3, аудандық мәдениет үйі, тел: 2-30-91.
      Шекарасы: Теміржол вокзалынан бастап Т.Рысқұлов көшесінің батыс бетімен Абай көшесіне дейін, оның солтүстік бетімен Сарыөзек көліне дейінгі, одан әрі кенттің батыс шетін айналып темір жолға дейінгі аралықтағы және Жосалы-Төретам темір жол бойындағы стансалар мен разъездердегі тұрғын үйлер.
      № 95 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі, №10, аудандық тұтынушылар кооперативі ғимараты, тел: 2-13-72.
      Шекарасы: Темір жол вокзалынан бастап Т.Рысқұлов көшесінің шығыс бетімен С.Сүлейменов көшесіне дейін, одан Ж.Шүленов көшесінің батыс бетімен темір жол өткеліне дейінгі тұрғын үйлер.
      № 96 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Жосалы кенті, Ғ.Мұратбаев көшесі, №2, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі, тел: 2-10-39.
      Шекарасы: Сырдария өзенінен бастап Т.Рысқұлов көшесінің батыс бетімен Абай көшесіне дейін, оның оңтүстік бетімен кенттің батыс шетін айналып Сырдария өзеніне дейінгі аралықтағы тұрғын үйлер және "Жас өркен" тынығу лагерінің аумағындағы тұрғын үйлер.
      № 97 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі, №62, №121 орта мектеп, тел: 2-22-01.
      Шекарасы: Сырдария өзенінен бастап Т.Рысқұлов көшесінің шығыс бетімен С.Сүлейменов көшесіне дейін, одан С.Сүлейменов көшесінің оңтүстік бетінен Ж.Шүленов көшесіне дейін, одан Ж.Шүленов көшесінің шығыс бетімен теміржол өткеліне дейінгі тұрғын үйлер.
      № 98 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Жосалы кенті, Ә.Жомартов көшесі, №5, №105 орта мектеп, тел: 3-10-02.
      Шекарасы: №250 мектеп-лицейінен бастап Абыт көлінің солтүстік-батыс бетімен І.Мүсірбаев көшесіне дейін, оның оңтүстік бетімен "Мезгіл" дүкеніне дейін және одан "Жосалы-Жалағаш" автожолына дейін, осы жолдың бойымен Аэропорт ғимаратына дейін, кенттің солтүстік батыс бетін айналып темір жол көпіріне дейінгі аралықтағы тұрғын үйлер.
      № 99 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Жосалы кенті, Т.Әбдікешов көшесі, №11, №183 орта мектеп, тел: 2-15-87.
      Шекарасы: Денешынықтыру-сауықтыру кешенінің (ФОК) алдынан Абыт көлінің шығыс бетімен Ү.Томанов көшесіне дейін, оның шығыс бетімен Шығыс каналға дейін, оның оңтүстік бетімен кенттің шығыс бетін айналып Балқы Базар көшесімен №250 мектеп-лицейге дейінгі аралықтағы тұрғын үйлер.
      № 100 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Жосалы кенті, М.Мәметова көшесі, №25, №30 орта мектеп, тел: 3-11-86.
      Шекарасы: Көне аэропорттан бастап "Жосалы-Жалағаш" автожолымен "Мезгіл" дүкенінің тұсынан бұрылып, І.Мүсірбаев көшесінің солтүстік бетімен Ү.Томанов көшесіне дейін, Ү.Томанов көшесінің бойымен Шығыс каналға дейін, оның солтүстік бетімен кенттің солтүстік шығыс бетін айналып Мөлтектегі тұрғын үйлердің сыртымен Аэропортқа дейінгі аралықтағы тұрғын үйлер.
      № 101 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Қармақшы ауылы, Е.Жаналиев көшесі, №1, №113 орта мектеп, тел: 2-62-63.
      Шекарасы: Қармақшы ауылы.
      № 102 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Қызылтам стансасы, Сарыжылуан көшесі, №1, №79 негізгі орталау мектеп, тел: 4-01-87.
      Шекарасы: Қызылтам стансасы.
      № 103 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Төребай би ауылы, О.Қазиев көшесі, №10, ауылдық клуб үйі, тел: 26-5-04.
      Шекарасы: Жосалы ауылы.
      № 104 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Иіркөл ауылы, Қорқыт ата көшесі, №6, №106 орта мектеп, тел: 26-6-71.
      Шекарасы: Иіркөл ауылы.
      № 105 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Жаңажол ауылы, Бексабаұлы көшесі, н/ж, ауылдық мәдениет үйі, тел: 25-9-63.
      Шекарасы: Жаңажол ауылы.
      № 106 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: ІІІ Интернационал ауылы, Астана көшесі, н/ж, ауылдық мәдениет үйі, тел: 25-3-25.
      Шекарасы: ІІІ Интернационал ауылы.
      № 107 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Ақтөбе ауылы, Кеңсе көшесі, №15, Ақтөбе ауылының мәдениет үйі, тел: 4-31-17.
      Шекарасы: Ақтөбе ауылы.
      № 108 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Ақжар ауылы, Т.Ізтілеуов көшесі, №27, ауылдық клуб, тел: 4-13-85.
      Шекарасы: Ақжар ауылы.
      № 109 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Тұрмағамбет ауылы, Т.Ізтілеуов көшесі, №18, ауылдық клуб, тел: 4-10- 21.
      Шекарасы: Тұрмағамбет ауылы.
      № 110 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Алдашбай ахун ауылы, Майлыөзек көшесі, №7, №111 орта мектеп, тел: 4-10-12.
      Шекарасы: Алдашбай ахун ауылы.
      № 111 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Қуаңдария ауылы, Клуб көшесі, №2, ауылдық клуб үйі, тел: 4-21-02.
      Шекарасы: Қуаңдария ауылы.
      № 112 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Т.Көмекбаев ауылдық округі, Т.Көмекбаев ауылы, Абай көшесі, №38/а, №185 орта мектеп, тел: 4-22-03.
      Шекарасы: Т.Көмекбаев ауылы мен ауылдық округтің аумағындағы елді мекендердегі тұрғын үйлер, Шобанқазған елді мекені, Кекірелі елді мекені.
      Қыстаулар: Карамадин, Қосжеген, Қантай, Сулы қасқа, Жабықбай, Мырзалы 1, Мырзалы 2, Мұнаралы, Ыстық бұлақ.
      № 113 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесі, №33А, №80 мектеп-гимназия, тел: 24-2-26.
      Шекарасы: Төретам кентіндегі теміржолдың солтүстік бетіндегі тұрғын үйлер.
      № 114 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Төретам кенті, Ғ.Мұратбаев көшесі, №1, №85 орта мектеп, тел: 24-4-78.
      Шекарасы: Төретам кентіндегі Абай, Ы.Алтынсарин, Қорқыт ата, Б.Момышұлы, Ғ.Мұратбаев, Қ.Рысқұлбеков, Аманкелді, 1 мамыр көшелерінің және Қорқыт ата, Ғ.Мұратбаев, С.Үйреков (Аманкелді) тұйығының тұрғын үйлері.
      № 115 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесі, н/ж, теміржол вокзалы ғимараты.
      Шекарасы: Төретам кентіндегі Жанқожа батыр, С.Үйреков (Аманкелді) (1-20), Байқоңыр, Бірлік, Ынтымақ, А.Құлқашев көшелерінің және Жанқожа батыр тұйығының тұрғын үйлері.
      № 116 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Ақай елді мекені, Қорқыт ата көшесі, №1, №99 орта мектеп, тел: 24-7-80.
      Шекарасы: Ақай ауылы.
      № 117 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, Л.Шубников көшесі, №11, №2 орта мектеп, тел: 4-38-66.
      Шекарасы: 8 Март көшесіндегі №5, 7, 9, 10, Абай даңғылындағы №6, 8, 10, 19, 21, 23, 25, С.Королев даңғылындағы №14, 14"А", 18, 20, 24, 26, 28, 30, 32, А.Максимов көшесіндегі №15, 17, 19, 20, 21, 22, 23, А.Ниточкин көшесіндегі №1, 1"А", 2, 3, 4, 5, Л.Шубников көшесіндегі №9 тұрғын үйлер.
      № 118 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, М.Янгель көшесі, №17а, №6 орта мектеп, тел: 7-23-82.
      Шекарасы: Мир көшесіндегі №5"А", 7, 8, 9, 10, 11, М.Янгель көшесіндегі №12, 14, 15, 15"А", 18, 18"А", 18"Б", 19, 21, 21"А", 21"Б", 22"Б" тұрғын үйлер.
      № 119 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, 5 мөлтек аудан, №8 орта мектеп, тел: 5-36-51.
      Шекарасы: №5"А" мөлтек ауданы,
      №5 мөлтек ауданындағы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28, 29 тұрғын үйлер.
      № 120 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, 7 мөлтек аудан, 22А, №5 үй, тел: 5-27-93.
      Шекарасы: №7 мөлтек ауданы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13, 14, 15, 16, 19, 20, 21, 21б, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 102, 103, 104 үйлер.
      № 121 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, М.Горький көшесі, №23, №5 орта мектеп, тел: 7-44-76.
      Шекарасы: В.Глушко көшесіндегі №5, 5"А", 6, 7, М.Горький көшесіндегі №36, 40, 42, С.Королев даңғылындағы №23, 25, 27, Мир көшесіндегі №1, 3, 5, М.Неделин көшесіндегі №5"А", 5"Б", 5"В", 7, 9, 9"А", М.Янгель көшесіндегі №6, 7, 8, 9 тұрғын үйлер.
      № 122 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, 6 мөлтек аудан, №14 бастауыш мектеп, тел: 5-18-21.
      Шекарасы: №6"А" мөлтек ауданы, №6 мөлтек ауданындағы №21, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 30, 37, 37"А", 76 тұрғын үйлер.
      № 123 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, 6 мөлтек аудан, №15 бастауыш мектеп, тел: 5-31-42.
      Шекарасы: №5 мөлтек ауданындағы №22, 23, 30, №6 мөлтек ауданындағы №5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 18, 19, 31, 32, 33, 34, 35, 36, №7 мөлтек ауданындағы №9, 10, 11 тұрғын үйлер.
      № 124 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, М.Янгель көшесі, №23а үй (ЖЭУ №3).
      Шекарасы: С.Сейфуллин көшесіндегі №2, 2"А", 4, 4"А", 4"Б", 8, 8"А", 8"Б", 10, 10"А", 10"Б", М.Янгель көшесіндегі №21"В", 21"Г", 21"Д", 22, 22"В", 23, 24, 25 тұрғын үйлер.
      № 125 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, Абай даңғылы №11, М.И.Неделин атындағы электрорадиотехникалық техникум, тел: 7-44-99.
      Шекарасы: 8 Март көшесіндегі №1, 3, Абай даңғылындағы №2, 3, 4, 5, 7, 13, 13а, 15, В.Глушко көшесіндегі №4, 4"А", 4"Б", М.Горький көшесіндегі №16"А", 22, 24, 26, 26"А", 26"Б", 26"В", 28, 30, С.Королев даңғылындағы №11, 13, 15, 17, 19, 21, М.Неделин көшесіндегі №1, 2, 3, 4, 5, М.Янгель көшесіндегі №2, 3, 4 тұрғын үйлер.
      № 126 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, Г.Титов көшесі, №2, №1 орта мектеп ғимараты, тел: 4-30- 89.
      Шекарасы: 8 Март көшесіндегі №2, 4, 6, 8, М.Горький көшесіндегі №2, 4, 6, 10, 12, С.Королев даңғылындағы №2, 3"А", 4, 6, 9, А.Максимов көшесіндегі №5, Лесной, Новый тұйықтары, Авиация көшесі, Набережная көшесі, Н.Носов көшесі, Октябрь көшесі, Первомай көшесі, Пионер көшесі, В.Комаров көшесі, Ленин көшесі, Н.Осташев көшесі, Г.Титов көшесі, Школьная көшесі, Л.Шубников көшесіндегі №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 14, 16, 18 тұрғын үйлер.
      № 127 сайлау учаскесі:
      Орналасқан жері: Байқоңыр қаласы, Мир көшесі, №13а, "Инфракос" РМК-ны, тел: 7-09-03.
      Шекарасы: С.Королев даңғылы №37, 37"А", 39, 39"А", 41, 41"А", 43, 43"А", Мир көшесіндегі №12, 12"А", 12"Б", 12"В", 13, 14, С.Сейфуллин көшесіндегі №12, 12"А", 14 тұрғын үйлер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады