Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 325 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 тамызда № 5092 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 22.12.2017 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97- бабыбының 2-тармағына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі 1-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2- қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті Аудандық мәслихаттың
      ХХХХІV сессиясының төрағасы: хатшысы:
      Б.Пржанова __________ Б.Маншарипов___________

  2015 жылғы 28 шілдедегі
аудандық мәслихаттың
№ 325 шешіміне 1-қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.

Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Сырдария ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 12 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:
      1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
      1 адамға – 70 киловатт;
      2 адамға – 140 киловатт;
      3 және одан да көп адамға –210 киловатт;
      2) газ пайдалану нормалары 1 айға:
      4 адамға дейін – 10 килограмм;
      4 және одан да көп адамға –20 килограмм;
      3) отын пайдалану от жағу маусымына:
      3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;
      3 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
      4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
      1 адамға – 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
      5) жылумен жабдықтау ай сайын:
      1 адамға – 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
      6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
      7) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
      8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде;
      9) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

  2015 жылғы 28 шілдедегі
аудандық мәслихаттың
№ 325 шешіміне 2-қосымша

Аудандық мәслихаттың күшi жойылды деп танылған кейбiр шешімдерінің тізбесі

      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 13 желтоқсанда № 4367 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінде 2012 жылы 27 желтоқсанда № 106 санында жарияланды);
      2. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы кезектен тыс ХХVІ сессиясының № 204 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 7 наурызда № 4611 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінде 2014 жылы 12 наурызда №20 санында жарияланды);
      3. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы кезекті ХХХVІІ сессиясының № 267 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 16 қаңтарда № 4845 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылы 21 қаңтарда № 5 санында жарияланды);
      4. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 наурыздағы кезекті ХХХХ сессиясының № 297 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 15 сәуірде № 4956 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінде 2015 жылғы 18 сәуірдегі № 29 санында жарияланды).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады