Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 01 қазандағы № 44/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қазанда № 5182 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 5/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 12.10.2016 № 5/9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес Шиелі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог қызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.
       Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Шиелі аудандық мәслихатының Шиелі аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы хатшысы
      Н. Палымбет Ә. Оразбекұлы
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қызылорда облысының жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысының міндетін атқарушы
      ___________________________ А.Алдажаров
      01.10.2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады