Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" 21 қараша 2011 жылғы № 667 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қаңтарда № 233 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 2615 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.04.2018 № 190 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 4 және 6 тармақтарына, сонымен қатар Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2014 жылғы 5 қарашадағы №02-11-2507 хатына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашасындағы № 667 "Барлық кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11-2-177 болып тіркелген, 2011 жылғы 30 қарашадағы "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Аталған қаулының 1, 2 қосымшасы осы қаулының 1, 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі (Д.К. Есенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Д.Есеноваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңаөзен қаласының әкімі

С. Трұмов


      "КЕЛІСІЛДІ":

      Жаңаөзен қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Базылов Бақтығали

      28 қаңтар 2015 жыл

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
№ 677 қаулысына 1-қосымша
  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 233 қаулысына 1-қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Жаңаөзен қаласы

1) Маңғыстау көшесіндегі "Өркен" шағынауданының № 20 үйінің жанында орнатылған ақпараттық стенд;

2) Сәтпаев көшесіндегі қала әкімдігі ғимаратының қарсысында орнатылған ақпараттық стенд;

3) Сәтпаев көшесіндегі "Шаңырақ" шағынауданындағы № 27 үйдің қарсысында орнатылған ақпараттық стенд;

4) Қосқұлақов көшесіндегі "Самал" шағынауданындағы № 11/26 үйдің қарсысында орнатылған ақпараттық стенд;

5) "Мұнайшы" мәдениет үйі ғимаратының алдында орнатылған ақпараттық стенд.

Теңге ауылы

Марабаев даңғылындағы "Болашақ" дүкенінің алдында орнатылған ақпараттық стенд.

Қызылсай ауылы

№ 4 Сүгір Бегендікұлы атындағы орта мектеп ғимаратының қарсысында орнатылған ақпараттық стенд.

Рахат ауылы

№ 18 орта мектеп ғимаратының қарсысында орнатылған ақпараттық стенд.

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
№ 677 қаулысына 2-қосымша
  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 28 қаңтардағы
№ 233 қаулысына 2-қосымша

Сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар

1.

Жаңаөзен қаласы

1) Оқушылар шығармашылық үйі

2) "Мұнайшы" мәдениет үйі

2.

Теңге ауылы

№ 17 орта мектептің акт залы

3.

Қызылсай ауылы

№ 4 орта мектептің акт залы

4.

Рахат ауылы

№ 18 орта мектептің акт залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады