Кейбір мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Бейнеу аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 02 ақпандағы № 8 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 наурызда № 2628 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 77 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 24.05.2016 № 77 қаулысымен (қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бекітілсін:

      "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (1-қосымша);

      "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (2-қосымша);

      "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (3-қосымша);

      "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (4-қосымша);

      "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі (5-қосымша).

      2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (одан әрі – аппарат) осы қаулының "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудандық әкімдіктің интернет – ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аппарат басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Әзірханов

  2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 8 Бейнеу ауданының әкімдігінің
қаулысына 1-қосымша

"Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, "Ұстаздар үйі" ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Некені (ерлі-зайыптылықты) және отбасын, ананы, әкені және баланы мемлекеттік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету.

      16. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;

      азаматтық хал актілерін жазудың ақпараттық жүйесін жүргізу;

      азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету.

      17. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      1) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

      4) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      6) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

      7) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      8) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;

      9) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

      "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      2) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылық "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      20. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өз құзіретінің шегінде "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.

      "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

      "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен орындалады.

4. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Бейнеу аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2015 жылғы 2 ақпандағы № 8
Бейнеу ауданының әкімдігінің
қаулысына 2-қосымша

"Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер кабылдайды.

      7. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжіұлы көшесі, аудандық әкімдік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. Жұмыс режимі "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сай құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттеу, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту.

      16. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      Құрылыс қызметі саласындағы жұмыстарды үйлестіру.

      17. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      1) құрылыс саласындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету;

      2) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу туралы халыққа хабарлап отыру;

      3) аудандық коммуналдық меншіктегі объектілер мен әлеуметтік объектілердің құрылыстары, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруіші болу;

      4) объектілерді жобалауға және(немесе) құрылысқа қажет құжаттарды дайындау, олар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу;

      5) ауданның су құбырлары, тазарту құрылыстары, жылу мен электр желілері және басқа да көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объектілері, коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлері, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен салынатын объектілердің құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру;

      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      18. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

      "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      2) осы ережеде көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылық "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      20. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өз құзыретінің шегінде "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді.

      "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

      "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен орындалады.

4. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көрсетілген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырау және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2015 жылғы 2 ақпандағы № 8
Бейнеу ауданының әкімдігінің
қаулысына 3-қосымша

"Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер кабылдайды.

      7. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы,Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжіұлы көшесі, аудандық әкімдік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі"Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттікмекемесініңмиссиясы:

      мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру болып табылады.

      16. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттікмекемесінің негізгі міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды ұйымдастыру;

      2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеу;

      3) мәдени құндылықтарғаеркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту;

      5) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

      6) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатігездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар жүргізу;

      7) мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтықалыптастыру;

      8) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу;

      9) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

      10) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

      11) дене шынықтыру және спорт саласын дамыту;

      17. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттікмекемесінің функциялары:

      1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс жұмыстары салаларында ауданның мемлекеттік мәдениетұйымдарыныңқызметін үйлестіру;

      2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғаужәне пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      3) сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізу;

      4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      5) өз құзіреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;

      6) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін жағдайлар жасау;

      7) спорт түрлерi бойыншаспорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

      8) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;

      9) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз ету;

      10) аудан аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiру;

      11) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарынберу жұмыстарын ұйымдастыру;

      12) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарынберу жұмыстарын ұйымдастыру;

      13) спорттық–бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесін қалыптастыру;

      14) дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинаужәне талдау жұмыстарын жүргізу;

      15) спорт түрлері бойынша құрама командалардыңаудандық тізімдерін қалыптастыру;

      16) ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      17) аудан аумағында спорт ғимараттарының халыққа қолжетімді болуынажәрдемдесу;

      18) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;

      19) дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктерді және салауатты өмір салтының принциптерін насихаттау;

      20) спорттық клубтар мен секциялардың жұмыстарын үйлестіру;

      21) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі"мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      2) осы ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылық "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      20. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру жәнеспорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданылады;

      5) өз құзыретінің шегінде "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.

      "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

      "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен орындалады.

4. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесініңзаңнамамен көзделген жағдайлардажедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақөз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23."Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдықменшiкке жатады.

      24. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27."Бейнеу аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2015 жылғы 2 ақпандағы № 8
Бейнеу ауданының әкімдігінің
қаулысына 4-қосымша

"Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер кабылдайды.

      7. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжіұлы көшесі, аудандық әкімдік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. Жұмыс режимі "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сай құрылыс қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасында туындайтын қатынастарды реттеу, адамның мекендейтін және тіршілік ететін толымды ортасын қалыптастыру, елді мекендер мен қонысаралық аумақтарды тұрақты дамыту.

      16. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      Сәулет қызметі және қала құрылысы қызметі салалардағы жұмыстарды үйлестіру.

      17. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      1) сәулет және қала құрылысы салаларындағы мемлекеттік және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

      3) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпараттар және (немесе) мәліметтер беру;

      4) жоспарланып отырған қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

      5) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте пайдалануға берілген объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;

      7) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауды ұйымдастыру, олардың күтіп ұсталуына (қолданылуына, пайдалануына) бақылау;

      8) аудан аумағының қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауданның ауылдық елді мекендерінің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын іске асыру;

      10) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүргізу;

      11) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау;

      12) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдау;

      13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      18. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

      "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      2) осы ережеде көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылық "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      20. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өз құзыретінің шегінде "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді.

      "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

      "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен орындалады.

4. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көрсетілген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Бейнеу аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастырау және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  2015 жылғы 2 ақпандағы № 8
Бейнеу ауданының әкімдігінің
қаулысына 5-қосымша

"Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты, тілдерді дамыту, діни қызмет, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарын үйлестіру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130100, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д.Тәжіұлы көшесі, аудандық әкімдік ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Бейнеу ауданының әкімдігі болып табылады.

      11. Осы Ереже "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      14. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.

2. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      Аудан аумағында ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты, тілдерді дамыту, діни қызмет, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарын үйлестіру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      16. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

      1) дiн ұстанатын және оны ұстанбайтын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бiрлестiктер арасында өзара төзушілік пен құрметтеу қатынастарын орнатуға жәрдемдесу;

      2) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      3) жастарға көмек беру және әлеуметтік қызметтер көрсету;

      4) жастардың әлеуметтiк маңызды бастамаларын iске асыру;

      5) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;

      6) саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      7) аудан аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамыту, оның халықаралық беделiн нығайту;

      9) Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасау.

      17. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:

      1) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Стратегиялық дамуының негізгі басымдылықтарын, Қазақстан халқына мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру;

      2) аудан аумағында діни, үкіметтік емес, жастар ұйымдарына қатысты мемлекеттік саясатты жүйелі жүргізу;

      3) олардың меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасының орындалуына бақылау мен тексеруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда, оларды жою туралы ұсынымдар беру;

      4) "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша әдістемелік, ақпараттық талдау материалдарын әзірлеу және оларды іске асыру шараларын қабылдау;

      5) көрнекі насихат құралдары мазмұнының Қазақстан Республикасының саяси бағытына және қолданыстағы заңнамаларға сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      6) ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді жан-жақты зерттеу, талдау және реттеу, әлеуметтік зерттеулер, қоғамдық пікір сауалнамаларын жүргізу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау, республика, облыс, аудан өмірінің маңызды мәселелері жөнінде қоғамдық пікірді қалыптастыру;

      7) өз құзыретi шегiнде:

      ішкі саясат, мемлекеттік жастар саясаты, тілдерді дамыту, діни қызмет, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыстарын үйлестіру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау салаларындағы саясатты іске асыру жөнiндегі консультациялық-кеңесшi органдарының қызметiн қамтамасыз ету;

      жастар бірлестіктерінің дамуына жәрдемдесу және олардың қызметтерін үйлестіру;

      8) қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес бірлестіктердің ақпараттық деректер базасын қалыптастыру бойынша жұмысты жүзеге асыру;

      9) саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғаушы, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

      10) дін мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары мен ақпараттық-насихаттық iс-шараларды жүзеге асыру;

      11) тұрғындар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау мәселелері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеу;

      12) отбасылық-демографиялық мәселелер бойынша жұмыстар жүргізу;

      13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      18. Құқықтары мен міндеттері:

      "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:

      1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иемденіп алуға және жүзеге асыруға;

      2) осы Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;

      3) сотта талап қоюшы және жауапкер болуға;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

      "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

      2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.

3. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      19. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылық "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      20. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      2) "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;

      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өз құзыретінің шегінде "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.

      "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

      "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.

      "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктері қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен орындалады.

4. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      22. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      24. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

      25. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бейнеу ауданының әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.

      26. Ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

6. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Бейнеу аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады