Қарақия ауданында сайлау учаскесін құру туралы

Күшін жойған

Қарақия аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 16 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 2634 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 14.08.2015 № 61 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабының 12 тармақтарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарақия ауданында сайлау учаскесі қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Б.Таубаевқа жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                             Ә. Дауылбаев
 

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қарақия аудандық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      Атагараев Дуйсенбай Айткалиевич
      02 наурыз 2015 жыл
 
 

Қарақия ауданы әкімінің
02 наурыз 2015 жылғы
№ 16 шешіміне қосымша
 

№ 193 сайлау учаскесі

      Орталығы: Болашақ ауылы, Қарақия аудандық білім бөлімінің «Болашақ селолық округінің № 10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (1 қабат, дәліз)
      Шекарасы: Болашақ және Бопай ауылдарының барлық үйлері.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады