Сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 61 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 тамызда № 2813 болып тіркелді.

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосындағы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылындағы" деген сөздермен ауыстырылды- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 20.10.2015 № 78 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қарақия ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін Қарақия ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Мыналардың:

      "Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 92 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-4-124 болып тіркелген, "Қарақия "газетінде 2011 жылы 27 қазанда жарияланған);

      "Қарақия ауданында сайлау учаскесін құру туралы" Қарақия ауданы әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 16 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2634 болып тіркелген, "Қарақия" газетінде 2015 жылы 26 наурызда жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.

      3. "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" мемелекеттік мекемесі (Н.Жұбаназаров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы А.Таубаевқа жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Аудан әкімі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарақия аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Атағараев Дуйсенбай Айткалиевич

      14 тамыз 2015 жыл.

  Қарақия ауданы әкімінің
14 тамыз 2015 жылғы
№ 31 шешіміне қосымша

Қарақия ауданы бойынша сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімінің 12.09.2022 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; 28.12.2022 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен; 06.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.02.2024 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

№ 145 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-14-85.

      Шекарасы: Құрық ауылының 1 шағын ауданының барлық үйлері, 2 шағын ауданының № 4-47 үйлері, С.Датұлы, Қ.Сүйеуов, Ардагер, Подстанция көшелерінің барлық үйлері, Абай көшесінің № 2, 4, 6, 8, 10, 14, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 28-2 үйлері.

№ 146 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-45.

      Шекарасы: Құрық ауылының 2 шағын ауданының № 49-55, 100-101, 229-232 үйлері, 3 "А", 4, 5, 9, 14 шағын аудандарының барлық үйлері, Карьер, Барлаушылар Массиві көшелерінің барлық үйлері.".

№ 147 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 2-11-89.

      Шекарасы: Құрық ауылы, Абай көшесінің № 1,3,5,7, 9,11,15,15-1,17, 17-2, 21,23, 25, 27 үйлері, Ш.Уалиханов көшесінің №1-14/1 үйлері, Сәтпаев көшесінің № 1-14а үйлері, Жангельдин көшесінің № 1-10/1, 14 үйлері, Маметова көшесінің № 1-14 үйлері, С.Әлиев көшесінің № 1-25 үйлері, Жолаушылар массиві, Т.Әлиев, Автобаза, Қазақ ауыл, Ғ.Балмұханбетов көшелерінің барлық үйлері, "Қызылқұм" жері.

№ 148 сайлау учаскесі

      Орталығы: Қарақия теміржол станциясы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, В блогы, телефон/факс: 8/72937/ 7-15-40.

      Шекарасы: Қарақия теміржол станциясың барлық үйлері.

№ 149 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 5 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 27-2-03.

      Шекарасы: Мұнайшы ауылының Теміржолшы, Ардагер, Арман, Көктем, Бәйтерек шағын аудандарының, Қазақ ауыл көшесінің барлық үйлері, "Асар" жұмысшылар кенті.

№ 150 сайлау учаскесі

      Орталығы: Мұнайшы ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 7 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 28-2-73.

      Шекарасы: Мұнайшы ауылының Салтанат, Жаңақұрылыс, Акбөбек-1, Акбөбек-2, Мұрагер, Жаңақұрылыс-2, ВПЧ-18 шағын аудандары.

№ 151 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-7-51.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 1-36 үйлері, Геофизика, Ш.Ыбырайымұлы, 2-ауыл шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 1-199 үйлері.

№ 152 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-41.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Астана, Күржіманұлы, Мұнайшы-2 шағын аудандарының барлық үйлері, Аэропорт шағын ауданының № 200-368 үйлері.".

№ 153 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-5-61.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Мұнайшы-1, М.Өскінбаев, Төлендиев шағын аудандарының барлық үйлері, Т.Аубәкіров шағын ауданының № 92-257 үйлері.".

№ 154 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жетібай ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-30.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Жанақұрылыс шағын ауданының № 37-186, 217-255 үйлері, Ұлутас шағын ауданының барлық үйлері.

№ 155 сайлау учаскесі

      Орталығы: Жетібай ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 8 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 26-1-90.

      Шекарасы: Жетібай ауылының, Ж.Мыңбаев, Ө.Қалманбетұлы, Т.Әлиев, С.Жанғабылұлы шағын аудандарының барлық үйлері, Жаңақұрылыс шағын ауданының № 187-216 үйлері, Т.Аубәкіров шағын ауданының № 1-91 үйлері, Шұқырой, Шынжыр, Асар, Қонай-қора шаруа қожалықтары.".

№ 156 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сенек ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Сенек ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 31-4-52.

      Шекарасы: Сенек ауылының барлық үйлері.

№ 157 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекені, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Аққұдық ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 32-0-20.

      Шекарасы: Сенек ауылының Аққұдық елді мекенінің барлық үйлері.

№ 158 сайлау учаскесі

      Орталығы: Бостан ауылы, Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Қарақия аудандық Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Бостан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 61-177.

      Шекарасы: Бостан ауылының барлық үйлері.

№ 159 сайлау учаскесі

      Орталығы: Кұланды ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін Құланды мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 71-020.

      Шекарасы: Құланды ауылының барлық үйлері.

№160 сайлау учаскесі

      Орталығы: Болашақ ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 10 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72959/ 42-120.

      Шекарасы: Болашақ ауылының және Бопай елді мекенінің барлық үйлері.

№161 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау шағын ауданы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 11 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон/факс: 8/72937/ 5-21-66.

      Шекарасы: Маңғыстау шағын ауданының барлық үйлері.

№ 162 сайлау учаскесі

      Орталығы: Құрық ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің "Жалпы білім беретін мектеп гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты, В блогы, телефон/факс: 8/72937/ 2-22-88.

      Шекарасы: Құрық ауылының 3, 10, 13 шағын аудандарының барлық үйлері, Сәтпаев көшесінің № 13-29, 29-2, 31, 31-2, 33, 33-2, 35, 37, 39, 41, 43 үйлері, М.Маметова көшесінің № 15-43-а үйлері, С.Әлиев көшесінің № 16-44 үйлері, Ш.Уалиханов көшесінің № 15-28 үйлері, Жангельдин көшесінің № 11, 13, 15-28 үйлері.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады