Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 шілдеде № 2787 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 07.11.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1, 2-тармақтарына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Маңғыстау ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері қосымшаға сәйкес құрылсын.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 31.10.2019 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Л.Жонасов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын, аудандық әкімдіктің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарыЕ.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж.Айтуаров

      "КЕЛІСЕДІ"

      Маңғыстау аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Озған Саттар Тұрашұлы

      29 маусым 2015 жыл

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 26 маусым № 12
шешіміне қосымша

Маңғыстау ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 13.09.2022 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 07.11.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 14.04.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 04.10.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

№ 166 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Орталық, Қызылтұран шағын аудандары, Қарашоқы шағын ауданының № 127-289 тұрғын үйлері, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті Маңғыстау ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесің уақытша ұстау изоляторы, № 14 теміржол бекеті.

№ 167 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Алшын Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Базарлы, Бөгет, Мақаш, Құрылысшы шағын аудандары, Қарашоқы шағын ауданының № 1-126 тұрғын үйлері.

№ 168 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Мекерия Атымов атындағы № 6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жаңаорпа, Жаңаорпа-2 шағын аудандары, Қызылтұран карьері, Аэропорт учаскелері.

№ 169 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Шетпе-1 шағын ауданы, "МырзАбек-Алтын Тас групп" акционерлік қоғамының жатақханасы, Шақырған, Қарашымырау, Шилібұлақ, Сиырсу, Көгез, Шілгөз, Арпалы, Иір учаскелері.

№ 170 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 5 бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қосбұлақ, Қосбұлақ-2 шағын аудандары, Аусары учаскесі және № 13 теміржол бекеті.

№ 171 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Өтес жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Сайөтес ауылы, №6,7,9 теміржол бекеттері.

№ 172 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайөтес ауылдық округі, Боздақ елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Боздақ бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боздақ елді мекені.

№ 173 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: "Қарақұдықмұнай" кен орны, № 6 жатақхана ғимараты.

      Шекарасы: "Қарақұдықмұнай", "Кен-Сары", "Ком-Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің вахта қалашықтары.

№ 174 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жыңғылды ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Жыңғылды ауылы, Шат, Қарақолқа, Кабиналы, Ұланақ, Бірқарын, Шағылқора, Тұщықи, Ақбас, Сартөбе, Кеңқолтық, Жылыбауыр қыстаулары.

№ 175 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Отпан ауылдық округі, Тұщыбек елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұщыбек, 15-Бекет елді мекендері, Аман бұлақ учаскесі.

№ 176 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шайыр ауылдық округі, Шайыр ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Шайыр ауылы, Тиген, Тасмұрын елді мекендері, Боқтысай, Жалған, Боздақ, Шилі, Шағылсай, Қызылеспе, Аққорған, Қарабас, Құмаққора, Селеулі, Теріс бауыр, Бисалы, Керімді, Дағдұщы, Андығара, Ұзынбас, Шеккі қора, Қырықбасан, Ақсай, Қызыл ауыз, Қиян, Ботагөз, Қақпақты, Жырыққора, Шаршықора қыстаулары.

№ 178 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Тұщықұдық ауылы, Қияқты, Досалы елді мекендері.

№ 179 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шебір ауылдық округі, Шебір ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Шебір ауылы, Бас, Қаламқас елді мекендері, Жерүй қора, Сүйінші қыстаулары.

№ 180 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызан ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Қызан ауылы, Жиделі, Қарабатыр, Қараш, Қамай, Сарытөбе, Тарқолқа, Жанұзақ, Нұрылда, Сарғат, Танас, Айыртөбе, Мадияр, Құдайберген–1, Құдайберген–2 қыстаулары.

№ 181 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақшымырау ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақшымырау ауылы, Айтолыс, Торыат, Құтты, Шаған, Қызық қыстаулары, "Ком-Мұнай" кен орнындағы вахта қалашығы.

№ 182 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жармыш ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Жармыш жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жармыш ауылы, № 11-13 теміржол бекеттері, Өреулі, Аманқызылит, Ауыздыбасты, Жапырақты, Күшікбай, Тамды, Дөңгелек, Сарытұрақ, Қарағанды, Қошқар, Шәкей, Нақбай, Құдайберген, Жетікүп, Нысап, Сердалы, Құбай ұшқан, Құрша, Ұзынкөзе қыстаулары.

№ 183 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Онды ауылдық округі, Онды ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Онды ауылы, Желдімұрын, Өңеже, Ұшан, Онды лагері, Жаңа су, Көрікті, Айыртам, Құмшоқы, Сайком қыстаулары.

№ 184 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Онды ауылдық округі, Бекі елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Бекі бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бекі, Басқұдық елді мекендері, Байқасқа, Есената, Жарауыл, Майкөмген, Мақсым, Сәубет, Тасбас, Шұқырой, Көріктітөбе, Желтимес, Таубай, Әйлек, Қандыбас, Гүлшат, Бақыт қора, Жолболай қора қыстаулары.

№ 185 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Ұштаған ауылы, Жарма, Сазды елді мекендері, Сауысқан, Жаңаша қыстаулары.

№ 186 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: "Қаламқас" кен орны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы: "Қаламқас" кен орнындағы "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы ұйымдарының вахта қалашығы.

№ 187 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: "Қаламқас" кен орны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы: "Қаламқас" және "Қаратұрым" кен орнындарындағы вахта қалашықтары.

№ 188 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 7 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ащыбұлақ шағын ауданы, "Каспий цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатақханасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады