Маңғыстау ауданы әкімінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 12 "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қыркүйекте № 29567 болып тіркелді

      Маңғыстау ауданы әкімі ШЕШТІ:

      1. Маңғыстау ауданы әкімі "Маңғыстау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы №12 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2787 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданының әкімі Т. Кушмаганбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Маңғыстау аудандық сайлау

      комиссиясы

  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 6
  шешіміне қосымша
 
  Маңғыстау ауданы әкімдігінің
  2015 жылғы 26 маусым № 12
  шешіміне қосымша

Маңғыстау ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері

№ 166 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының аудандық мәдениет үйінің ғимараты.

      Шекарасы: Орталық, Қызылтұран шағын аудандары, Қарашоқы шағын ауданының № 127-289 тұрғын үйлері, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті Маңғыстау ауданының Полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесің уақытша ұстау изоляторы, № 14 теміржол бекеті.

№ 167 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Алшын Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Базарлы, Бөгет, Мақаш, Құрылысшы шағын аудандары, Қарашоқы шағын ауданының № 1-126 тұрғын үйлері.

№ 168 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Мекерия Атымов атындағы № 6 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жаңаорпа, Жаңаорпа-2 шағын аудандары, Қызылтұран карьері, Аэропорт учаскелері.

№ 169 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Шетпе-1 шағын ауданы, "МырзАбек-Алтын Тас групп" акционерлік қоғамының жатақханасы, Шақырған, Қарашымырау, Шилібұлақ, Сиырсу, Көгез, Шілгөз, Арпалы, Иір учаскелері.

№ 170 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 5 бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Қосбұлақ, Қосбұлақ-2 шағын аудандары, Аусары учаскесі және № 13 теміржол бекеті.

№ 171 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайөтес ауылдық округі, Сайөтес ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимараты.

      Шекарасы: Сайөтес ауылы, № 6,7,9 теміржол бекеттері.

№ 172 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Сайөтес ауылдық округі, Боздақ елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Боздақ бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Боздақ елді мекені.

№ 173 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: "Қарақұдықмұнай" кен орны, № 6 жатақхана ғимараты.

      Шекарасы: "Қарақұдықмұнай", "Кен-Сары", "Ком-Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің вахта қалашықтары.

№ 174 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жыңғылды ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Жыңғылды ауылы, Шат, Қарақолқа, Кабиналы, Ұланақ, Бірқарын, Шағылқора, Тұщықи, Ақбас, Сартөбе, Кеңқолтық, Жылыбауыр қыстаулары.

№ 175 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Отпан ауылдық округі, Тұщыбек елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Тұщыбек, 15-Бекет елді мекендері, Аман бұлақ учаскесі.

№ 176 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шайыр ауылдық округі, Шайыр ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Шайыр ауылы, Тиген, Тасмұрын елді мекендері, Боқтысай, Жалған, Боздақ, Шилі, Шағылсай, Қызылеспе, Аққорған, Қарабас, Құмаққора, Селеулі, Теріс бауыр, Бисалы, Керімді, Дағдұщы, Андығара, Ұзынбас, Шеккі қора, Қырықбасан, Ақсай, Қызыл ауыз, Қиян, Ботагөз, Қақпақты, Жырыққора, Шаршықора қыстаулары.

№ 178 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Тұщықұдық ауылдық округі, Тұщықұдық ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Тұщықұдық ауылы, Қияқты, Досалы елді мекендері.

№ 179 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шебір ауылдық округі, Шебір ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Шебір ауылы, Бас, Қаламқас елді мекендері, Жерүй қора, Сүйінші қыстаулары.

№ 180 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Қызан ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Қызан ауылы, Жиделі, Қарабатыр, Қараш, Қамай, Сарытөбе, Тарқолқа, Жанұзақ, Нұрылда, Сарғат, Танас, Айыртөбе, Мадияр, Құдайберген–1, Құдайберген–2 қыстаулары.

№ 181 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақшымырау ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Тобанияз атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ақшымырау ауылы, Айтолыс, Торыат, Құтты, Шаған, Қызық қыстаулары, "Ком-Мұнай" кен орнының вахта қалашығы.

№ 182 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Жармыш ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Жармыш жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Жармыш ауылы, № 11-13 теміржол бекеттері, Өреулі, Аманқызылит, Ауыздыбасты, Жапырақты, Күшікбай, Тамды, Дөңгелек, Сарытұрақ, Қарағанды, Қошқар, Шәкей, Нақбай, Құдайберген, Жетікүп, Нысап, Сердалы, Құбай ұшқан, Құрша, Ұзынкөзе қыстаулары.

№ 183 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Онды ауылдық округі, Онды ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Онды ауылы, Желдімұрын, Өңеже, Ұшан, Онды лагері, Жаңа су, Көрікті, Айыртам, Құмшоқы, Сайком қыстаулары.

№ 184 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Онды ауылдық округі, Бекі елді мекені, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "Бекі басатауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Бекі, Басқұдық елді мекендері, Байқасқа, Есената, Жарауыл, Майкөмген, Мақсым, Сәубет, Тасбас, Шұқырой, Көріктітөбе, Желтимес, Таубай, Әйлек, Қандыбас, Гүлшат, Бақыт қора, Жолболай қора қыстаулары.

№ 185 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы, Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Өрлеу" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты.

      Шекарасы: Ұштаған ауылы, Жарма, Сазды елді мекендері, Сауысқан, Жаңаша қыстаулары.

№ 186 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: "Қаламқас" кен орны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы: "Қаламқас" кен орнындағы "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы ұйымдарының вахта қалашығы.

№ 187 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: "Қаламқас" кен орны, вахта қалашығы, спорт кешені ғимараты.

      Шекарасы: "Қаламқас" және "Қаратұрым" кен орнындарындағы вахта қалашықтары.

№ 188 сайлау учаскесі

      Орналасқан жері: Шетпе ауылы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Маңғыстау ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 7 жалпы білім беретін мектеп - лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекарасы: Ащыбұлақ шағын ауданы, "Каспий цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жатаханасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады