Әкімдіктің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1595 "2016 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1827 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қаңтарда № 6124 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 431 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № 431 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1595 "2016 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағында:
      2), 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата–ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар;";
      15) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады