Ақсу қаласында 2015 жылы қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығын беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі № 357/47 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 тамызда № 4653 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 8-бабының 4-тармағына және 47-бабының 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының әлеуметтік көмекке мұқтаж, білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
      1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
      2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға;
      3) көп балалы отбасылардың балаларына;
      4) кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларға;
      5) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;
      6) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларға;
      7) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне;
      8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
      9) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балаларға олардың білім алуы кезеңінде қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады