Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылату туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі № 356/47 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 тамызда № 4671 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 312/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 15.05.2019 № 312/42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 386-бабының 5-тармағына және 444-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 16.03.2016 № 429/56 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есе жоғарылатылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың кәсіпкерлікті, агроөнеркәсіптік кешен мен коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады