Ақсу қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2019 жылғы 15 мамырдағы № 312/42 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 мамырда № 6378 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 189/27

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 21.09.2022 № 189/27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.

      2. Ақсу қаласының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.

      3. Ақсу қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылату туралы" № 356/47 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4671 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 шілдедегі "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы Ақсу қаласының жерлеріне жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін он есе жоғарылату туралы" № 356/47 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 429/56 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5065 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірде "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған).

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Сессия төрағасы Ғ. Әмірханова
      Қалалық мәслихатының хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады