Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2015 жылғы 12 наурыздағы № 307/35 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда № 4399 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Екібастұз қалалық маслихатының 2014 жылғы 28 сәуірдегі "Атаулы және мереке күндеріне орай алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 216/27 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3791 тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы "Отарқа", 2014 жылғы 7 мамырдағы "Голос Экибастуза" газеттеріне жарияланды), келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 тармағының:
      үшінші абзацындағы "69 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (бұдан әрі - АЕК)" сандары және сөздері "150000 (бір жүз елу мың) теңге" сандары және сөздеріне ауыстырылсын;
      төртінші абзацындағы "(Ауғаныстандағы ұрыс-қимылдарға қатысушылары мен Чернобыль атом электр стансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандардан басқа (бұдан әрі – ЧАЭС)" сөздері жойылсын, "1,8 АЕК" сандары және сөздері "10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)" сандары және сөздеріне ауыстырылсын";
      бесінші абзацындағы "1,8" сандары "5" санына ауыстырылсын;
      алтыншы абзацы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына 10 АЕК мөлшерінде;";
      жетінші абзацы жойылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Сыздықов
      Қалалық мәслихат хатшысы Б. Құспеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2015 жылғы "12" наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады