2016 жылға арналған Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 365/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 4911 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 93/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 16.05.2016 № 93/5 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Май ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік-консультативтік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулігі бар тұлғалар;
      2) 50 жастан асқан тұлғалар;
      3) үш айдан аса жұмыс істемеген тұлғалар;
      4) мамандығы, еңбек өтілі жоқ тұлғалар;
      5) уақытша, маусымдық жұмыс біткен себебімен жұмыстан шығарылған тұлғалар;
      6) бірде бір жұмыскері жоқ отбасынан шыққан тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ысқақова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады