"Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 2/354 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 маусымда № 1179 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/571 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 06.12.2016 № 4/571 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Алматы қаласының әділет органдарына оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы хабарласын;
      2) осы қаулының интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оны ол алғаш ресми жарияланған күннен соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі А. Есімов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 2/354 қаулысымен
бекітілді

"Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй
инспекциясының басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер
      1. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағындағы тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесінде ұйымдық құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің аты жазылған мөрі мен мөртабасы, бекітілген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
      5. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тиісті заңнамамен өкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болып іс-әрекет етуге құқылы.
      6. Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелері бойынша "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекеме басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін белгіленген заңнамалық тәртіпте шешім қабылдайды.
      7. Алматы қаласы "Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық шекті саны қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Алматы қаласы "Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050057, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 215.
      9. Толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – коммунальное государственное учреждение "Управление жилья и жилищной инспекции города Алматы".
      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласы "Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтері болып табылатын міндеттерді орындау жөнінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызмет түрін жүзеге асыруға құқық берілсе, онда мұндай қызметтен түскен табыстар мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.
      2. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй
      инспекциясының басқармасы" коммуналдық
      мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі
      міндеттері, қызметтері және құқықтары
      13. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес анықталған – Алматы қаласының аумағындағы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
      14. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен анықталған:
      1) Алматы қаласының аумағындағы тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік басқару және бақылау;
      2) құзыры шегінде Алматы қаласының аумағында тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру.
      15. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1083 бабымен, Қазастан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодесімен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі №711 қаулысымен бекітілген "2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлерді жергілікті атқарушы органдармен іске асыру" Ережелерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 Жарлығымен бекітілген "2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген "Өңірлерді дамытудың 2020 жылғы дейінгі бағдарламасы" Бағдарламасымен, және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен анықталған:
      1) құзыреті шегінде Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру;
      2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      3) тұрғын үйдің құқықбелгілеуші құжаттарын ресімдеу және Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру бойынша сатып алу-сату шарттарын жасау;
      4) мемлекеттік қызметтер көрсету;
      5) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жалдаған жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебін жүргізу;
      6) тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің немесе Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы жалдаған жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйдің бары (жоғы) туралы жеке тұлғаларға мәлеметтерді беру;
      7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің техникалық тексерілуін ұйымдастыру;
      8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің кейбір түрлерін өткізу тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін белгілеу;
      9) кондоминиум объектісін басқару органы берген, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің кейбір түрлерін өткізуге шығын сметасын келісу;
      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлігіне күрделі жөндеудің кейбір түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссияларға қатысу;
      11) хаттамаларды жасау және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарау;
      12) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 42 бабының 1-1 тармағымен қарастырылған жағдайда, қызмет көрсететін ұйымды анықтау;
      13) кондоминиум объектісінің үй жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің өтініштері кезінде кондоминиум объектілерін басқару бойынша есептің болуына тексерулер жүргізу;
      14) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің күрделі жөндеуінің жеке түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
      15) гендерлік саясаттың мәселелерін реттеу;
      16) кондоминиум объектісінде және кондоминиум объектісіне қарасты аумақта үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына бақылау жасау;
      17) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен ұйғарымдардың орындалуына бақылау жасау;
      18) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің кейбір түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына бақылау жасау;
      19) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінен азаматтарды шығару немесе/және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының талаптарына сәйкес олардың кезегін ауыстыру туралы тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсыныстар енізеді;
      20) егер ұсынылған құжаттар бойынша бұзушылықтар шыққан жағдайда, тұрғын үйдің құқық белгілеуші құжаттарын ресімдеу мерзімдерін тоқтата тұру;
      21) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлердің жалдау шартын, меншік құқығына куәліктер, тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы (тегін немесе қалдық құнымен сатып алу жолымен) шарттарды ресімдейді;
      22) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында сатып алу-сату шарттарын жасау;
      23) іс жүргізу заңнамасында қарастырылған тәртіпте, мемлекет пен азаматтың бұзылған құқығын қорғау мақсатында сот органдарына шағымдану беру құқығымен, сот органдарында "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және жергілікті атқарушы органдардың мүддесін білдіру;
      24) тұрғын үй бағдарламаларының уәкілетті органы және әкімгері (тапсырыс беруші) қызметін атқару;
      25) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңына сәйкес тексерулер жүргізу;
      26) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзу туралы актілер жасау;
      27) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзуды жою бойынша орындау үшін міндетті ұйғарымдар шығару;
      28) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сәйкес тұрғын үй қатынастары саласында әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша жұмыстарды жүргізу.
      16. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі;
      2) тиісті заңнамамен өкілеттк берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
      3) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін белгіленген заңнамалық тәртіпте шешім қабылдайды;
      4) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1083 бабының 1,2,3,4 тармақтарына сәйкес иесіз қалған мүлік (тұрғын жай) деп тану бойынша өтінішпен сот органдарына жүгіну;
      5) мемлекеттік органдардан, түрлі ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;
      6) қызметтік куәлікті көрсеткен жағдайда, тексеру жүргізу кезінде тексерілетін нысанға кіру;
      7) тексерулер жүргізу кезінде барлық қажетті ақпаратты сұрау, тексеруге қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысу;
      8) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 43 бабының 7 тармағына сәйкес жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиналысына уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсыну;
      9) тексеру жүргізу кезінде тексеріліп жатқан нысанның белгіленген жұмыс тәртібіне кедергі жасамау;
      10) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын, заңнамамен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз ету;
      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтары мен міндеттері.
      3. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын
      үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық
      мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
      17. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметтерін атқаруына жеке жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қызметіне Алматы қаласы әкімінің өкімімен тағайындалады және қызметінен босатылады.
      19. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары бар.
      20. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) сенімхатсыз "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
      2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердің қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқуы және басқа да қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатуы бойынша "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      6) банк шоттарын ашады;
      7) "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
      8) "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға жеке жауапкершілік жүктеледі;
      9) "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      10) "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте марапаттау шараларын және тәртіптік жазаларды қолданады;
      11) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
      12) орынбасарының (орынбасарларының) және басқарманың өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шегін белгілейді;
      13) "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережені бекітеді;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес ол жоқ болған кезеңде оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
      21. Бірінші басшы өзінің бірінші орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.
      4. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй
      инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің мүлкі
      22. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауландырылған мүлікке ие.
      "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесі берген, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған жеке қызметі мен басқа да көздер нәтижесінде алынған мүлік (ақшалай қаражатты қосқанда) есебінен қалыптастырылады.
      23. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Алматы қаласының коммуналдық меншігіне тиесілі.
      24. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз бетінше немесе басқа әдіспен оның атына бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті иеліктен шығармайды және оған билік жүргізбейді.
      5. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй
      инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
      мекемесін қайта құру және тарату
      25. "Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады