Алматы қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 3/464 және Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 355 бірлескен қаулысы және шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 тамызда № 1197 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 «Жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Алматы қаласында жеке меншікке беру кезінде жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары бір шаршы метріне 6200 (алты мың екі жүз) теңге көлемінде белгіленсін.
      2. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 11 шешімінің және Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 1/60 «Алматы қаласының аумағында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 928 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 сәуірдегі «Алматы ақшамы» газетінде № 44 санында және 2012 жылғы 14 сәуірдегі «Вечерний Алматы» газетінде № 47 санында жарияланған).
      3. Осы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналды меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына Б.Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б. Сауранбаевқа жүктелсін.
      4. Алматы қаласы мәслихатының аппараты маслихата нормативтік құқықтық актінің Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің осы бірлескен қаулысы және Алматы қаласы мәслихаты шешімі әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                    А. Есімов
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты ХLI сессиясының төрайымы        А. Мұсабаева
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                      Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады